Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Какау қызметінен кетті. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Мәліметтер бойынша бразилиялық маман «Қайрат» командасын жаттықтыруға ғана көңіл бөлмек.
Айта кетейік, Какаудың жаттықтыруымен ел құрамасы өткен жылы Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысып, қола жүлдегері атанған.