2016 жылы бөлшек және көтерме сауда секторындағы жеке кәсіпкерлер саны 15,6 мыңға азайса, шағын заңды тұлғалар саны 5,9 мыңға көбейді, жазады Finprom.kz.
Сауда бизнесіндегі құқықтық форматтың ауысу үрдісі 2015 жылы басталған. Тіркелген ЖК (жеке кәсіпкерлік) саны 55,1 мыңға азайды. Тіркеуде тұрған барлық 469 мың жеке кәсіпкерліктің 40 пайызы "Көтерме және бөлшек сауда; автокөлік және мотоцикл жөндеу" санатына кіреді.
2016 жылы төлем инфрақұрылымына интеграциялық процесс белсенді жүре бастады. 2015 қараша мен 2016 қараша аралығында төлем карталарын қабылдайтын сауда мекемелері 1,5 есеге ұлғайып, 42 мыңнан 65 мыңға артты.
Өткен жылдың үшінші тоқсаны қорытындысы бойынша, сауда секторындағы шағын компаниялардың жалпы табысы 452,7 млрд теңгені құрады. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 18%-ға артық. Сонымен қатар шағын сауда компаниялары жалақы қорын 15 пайызға ұлғайтты.