Республиканың барлық аумағы бойынша «Жолда қабылдау» акциясын өткізу жоспарланған. Қызылорда облыстық жол полициясының қызметкерлері елді мекендерді аралап, халықтың ой-пікірін тыңдады.
Акция шеңберінде мемлекеттік саясатты, Жолдауды түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізіліп, азаматтарға құқықтық және консультативтік көмек көрсетілді, жол полициясы комитетінің, «Нұр Отан» ХДП-ның, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың басшылығымен азаматтарды қабылдаулар ұйымдастырылды.
Облыстық жол полициясы басқармасы «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып, «Қызылорда – Қарауылтөбе – Абай» бағытында «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды.
Ержан БАЙТІЛЕС, Қызылорда облысы.