• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2011

Республикалық ақындар айтысын өткізудің қағидасы

2671 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының  2011 жылғы 14 ақпандағы №24  бұйрығына 1-қосымша

Республикалық ақындар айтысын өткізудің қағидасы

1. Жалпы ережелер 1. Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби-музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі. Ол – суырып-салма ақындық өнерінің жемісі болып табылады. Айтыста халықтың әдет-ғұр­пы, тұрмыс-салты, дүниетанымы, эсте­ти­калық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу бай­қа­лады. Осы киелі мұраны кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, та­лант­ты жастарымызды өнердің кәусар бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шың­дауға ықпал ету мақсатында Қа­зақ­стан Республикасының Мәдениет ми­нистр­лігінің Мәдениет комитеті Респуб­ли­калық ақындар айтысын (бұдан әрі - Айтыс) өткізеді. 2. Айтыс 2011 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана қаласында өт­кі­зіледі. 2. Айтыстың мақсаттары мен міндеттері 3. Айтыстың мақсаттары мен міндеттері: 1) айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету; 2) болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу, айтыс өнерін одан әрі дамытып, сапалық деңгейін жақсарту мақсатында өткізілетін дәстүрлі іс-шара ретінде қалыптастыру; 3) шебер сөз құрау мен жоғары дең­гей­дегі поэзия арқылы мемлекеттік тіл­дің­ арнасын кеңейтіп, дамыту әрі насихаттау; 4) талантты, дарынды жас ақын­дар­дың ақындық шеберлігінің шыңдала түсіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау; 5) елдегі халықтар достығын, береке-бірлікті және саяси тұрақтылықты дәріптеу. 3. Айтысты өткізудің тәртібі және шарттары 4. Республикалық айтысқа облыстық және республикалық маңызы бар қала­лық айтыстың жеңімпаздары – 1 үміткерден қатысады. 5. Айтыстың Ұйымдастыру коми­теті­нің шешімімен Айтысқа басқа ақындар да қатыса алады. 6. Айтысқа халқымыздың тілін, дәс­түрін, тарихын және әдебиетін терең білетін суырып-салма ақындар қатысады. 7. Айтысқа қатысушы ақындардың жас мөлшеріне, ұлтына және жыны­сына шектеу қойылмайды. 8. Айтыста елдің бірлігіне, ұлтаралық татулыққа нұқсан келтіретін, конс­ти­ту­циялық құрылымға қарсы айтылатын сөз­дерге жол берілмейді. 9. Осы Қағиданың 8-тармағында көз­дел­ген әрекетке жол берілген жағдайда ақын Айтыстан шеттетіледі. 10. Ақындар қазылар алқасының ше­ші­міне және осы Қағиданың талап­тары­на бағынуы тиіс. 11. Айтысқа қатысу үшін облыс­тар­дың, Астана мен Алматы қалаларының мәдениет басқармаларының, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да заңды тұлғалардың ұсынысы болуы қажет. 12. Айтысқа қатысушы ақындар Ұйым­дастыру комитетіне өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттарды қоса ұсынылады: 1) өмірбаяны туралы мағлұматтар /ту­­ған жері, күні, айы, жылы, ұлты/; 2) жұмыс немесе оқу орнынан анықтама; 3) тууы туралы немесе жеке куәлік көшірмесі; 4) басқа айтыстарда жеткен жетістіктерін куәландыратын құжат (диплом және марапат қағаздары); 5) тиісті мекеменің ұсыныс хаты; 6) байланыс телефондары. 13. Өткізілген құжаттар қайтарылуға жатпайды. 14. Ақындар жеребе тарту әдісі арқылы жұптарға бөлініп айтысады. 15. Ақындардың сөз сайыстыру (айтысу) уақытының ұзақтығын қазы­лар алқасы белгілейді. 16. Ақынның байқаудан өз еркімен шығуына құқығы бар. 17. Жеңімпаздар мынадай бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар бойынша мара­пат­талады. 1) Гран-при 1 /біреу/ 2) I орын – 1 /біреу/ 3) II орын – 1 /біреу/ 4) III орын – 1 /біреу/. Жеңімпаздарға басқа да ынталандыру сыйлықтары тағайындалуы мүмкін. 18. Айтысқа қатысу жөніндегі өті­ніш­тер Айтыстың басталуына 20 күн қалғанға дейін мына мекен-жайда қа­был­данады: 010000, Қазақстан, Астана қаласы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі 8 үй, «Олимп Палас» т/к, КЖ-18, 8 кіреберіс, блок «L», E-mail: info@ruhdk.kz, тел: 8(7172) 54-64-77, Web: http://ruhdk.kz.. 19. Ақындар Айтысқа қатысуға өті­ніш­тері негізінде шақырылады. Ақын­дар­ға қатысушылар тізіміне кіргені ту­ралы хабар қажетті құжаттар толы­ғымен тапсырылғаннан соң сайысқа 10 күн қалғанға дейін хабарланады. 20. Ақындардың Айтысқа барып-қайту жол шығындарын жолдама берген, ал олардың жатын орны мен тамақтануын Айтысты өткізетін жақ көтереді. Айтысқа қатысушы ақынға қоса ере келген адамдардың барлық шығындары өз тараптарынан өтеледі. 21. Келесі кезеңге өтпеген ақын немесе Айтысқа қатысудан бас тартқан ақындар Айтыстың аяғына дейін көрер­мен ретінде қалуға ниет білдірген жағ­дай­да өз қаражаты есебінен күнелтеді. 22. Айтысты республикалық телеарналардан көрсету құқығын Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі анықтайды. 23. Республикалық айтыс респуб­ли­ка­лық телеарналардан тікелей немесе жа­зып алынған нұсқасында қысқар­тыл­ған не толық түрінде көрсетіледі. 4. Ұйымдастыру комитеті 24. Қазақстан Республикасының Мә­дениет министрлігінің Мәдениет комитеті Айтысты өткізу бойынша ұйым­дас­тыру комитетінің құрамын бекітеді. 25. Ұйымдастыру комитеті мемлекеттік органдар мен Айтысты өткізуге қатысушы мәдениет ұйымдары өкіл­дері­нен құралады. Ұйымдастыру ко­ми­теті­нің мүшелері өз функцияларын қо­ғам­дық бастамамен жүзеге асырады. 26. Ұйымдастыру комитеті Айтысты дайындау және өткізу бойынша бас­шы­лықты жүзеге асырады және табыс етілетін жүлделердің көлемін анықтайды. 27. Ұйымдастыру комитеті Айтыстың қатысушыларына қосымша сыйақы төлеусіз Айтысты радио және теледидар арқылы тарату, дыбыс және бейне таспаға жазу және оны одан әрі тарату құқығына ие. Сондай-ақ, Ұйымдастыру ко­митеті басқа тараптармен Айтыстың аталған материалдарын жүзеге асыру жөніндегі келісім-шартқа отыру құ­қы­ғына ие. 28. Ұйымдастыру комитеті іс-шара­ның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды. 29. Ұйымдастыру комитеті Айтысты да­йындау және өткізу барысында туын­дайтын өзге де ұйымдастыру мәсе­ле­лерін шешеді. 30. Ұйымдастыру комитеті айтыстың жоғары ұйымдастырушылық дәрежеде өткізілуін қадағалайды. 5. Айтыстың қазылар алқасы 31. Ақындардың өнерін бағалау, сон­дай-ақ, қорытынды шығару үшін қазы­лар алқасы құрылады. Қазылар алқасы­ның құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көр­некті қайраткерлерінен құралады және Қазақстан Республикасының Мә­дениет министрлігінің Мәдениет комитетімен бекітіледі. 32. Қазылар алқасының саны, төр­ағаны қосқанда, тақ сан болуы тиіс. 33 Қазылар алқасының шешімі түп­кі­лікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен ресімделеді және барлық қазы­лар алқасының мүшелері қол қояды. 34. Қазылар алқасы белгіленген жүл­делі орындарды бермеуге немесе үміт­кер­лер арасында бөлуге (бас жүлдені қоспағанда) құқылы. 35. Қазылар алқасы бағаларының критерийлері: 1) орындаушылық шеберлігі (орын­даушы­ның дербестігі); 2) сапалық деңгейі; 3) сахна мәдениеті; 4) әдеби тіл байлығы; 5) тақырыпты дұрыс аша білуі; 6) қарсыласқа жауап беру шеберлігі; 7) дәстүрлі айтыс мақамын үйлестіре қолдана білу; 8) қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді кө­тере білу; 9) тақырыптан ауытқымай, ұйқас­тыра жеткізу. 36. Ақындардың өнерін қазылар ал­қа­сы он балдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының берген ұпайлар санын қосу нәтижесінде ең көп ұпай жи­наған ақын жеңді деп саналады. Жең­ген ақын келесі айналымға өтеді. Же­ңілген ақын айтысты жалғастыру құқығынан айырылады. 37. Егер жұптасып айтысқан екі ақын­ның да жинаған ұпайлары тең болған жағдайда, қазылар алқасының төрағасы екі адамның атынан дауыс беру құқығын пайдаланады. 38. Қазылар алқасы Қазылар алқасы­ның барлық мүшелері келіскен жағ­дайда айтысты қысқарту және/немесе тоқтату туралы шешімді қабылдауға құқылы. 6. Айтысты қаржыландыру 39. Айтысты дайындау мен өткізуді қаржыландыру республикалық бюджетпен көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады. 40. Айтысты өткізуге көзделген ақ­ша­­лай қаражат Ұйымдастыру ко­митетінің шешімі бойынша бекітілген сметалық шығыстармен қатаң сәй­кестікте жұм­салады. 41. Айтысты дайындау мен өткізу үшін демеушілердің және басқа да қо­сымша қаражат көздері жұмыл­дыры­луы мүмкін. 42. Демеушілер Айтысқа қатысушы ақын­дарға заңда белгіленген тәртіппен өзінің ынталандыру сыйлықтары мен сыйақыларын тағайындай алады. 7. Қорытынды ереже 43. Осы Қағидамен реттелмеген бар­лық мәселелер Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.