• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

Кәсіпорындардың «ҚазТрансГаз» АҚ алдындағы қарыздары

385 рет
көрсетілді

17 миллиардтан астам теңгені құрады Өткен жылы алдағы жылыту мауысымын талқылау бойынша Үкімет отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ел Премьер-Министріне өтініш білдірген. Ол облыстық әкімдіктер басшыларына тұтынылған табиғи газ үшін жиналған қарызды төлеу бойынша дереу шара қабылдауды тапсыруды сұраған. Онсыз, министр сөзіне қарағанда, қысқы кезеңде жылу беруді кешеуілдетуден құтылу мүмкін емес. Бірақ осы Министрлер кабинеті басшысының тапсырмасына қарамастан, облыстар әкімдіктері  осы мәселеге жеткілікті көңіл бөлмеген. Анағұрлым ірі қарыздар өңірлік жылумен жабдықтау кәсіпорындарында  жиналып қалған, бұл ретте «ҚазТрансГаз» АҚ қандай жағдай болса да тұрғындардың зардап шекпеуі үшін газ беруді тоқтатқан жоқ. Дегенмен, Энергетика министрінің ескертуі расқа айналып – ОҚО-да жылыту маусымы келеңсіздіктерге тап бола бастады. Таяу күндері ҚазТрансГаз Аймақ  жиналып қалған екі миллиард теңге қарызы үшін Шымкент қаласындағы 3-ші Жылу энергетикалық орталық тұтынатын газ көлемін біршама қысқартты. Әдеттегіше, қала билігі берілетін отынның көлемін қалпына келтіруді сұрап отыр және қарызды төлеуге уәде берді. Бүгінгі күні қазақстандық кәсіпорындардың «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ алдындағы тұтынылған газ үшін берешегі 17 млрд теңгеден асып кетті. Жағдай алаңдатарылық екенін ескере отырып, «ҚазТрансГаз Аймақ»  компаниясы Қазақстан өңірлері бойынша тұтынылған газ үшін берешегін қайтармай отырған кәсіпорындар тізімін жариялады. Облыстардағы кәсіпорындардың қарызы бойынша алғанда тізім былайша жасақталған: Маңғыстау облысы – 8,1 млрд теңге; Оңтүстік Қазақстан облысы – 1,9 млрд теңге мөл­шер­де дебиторлық қарызы бар; Алматы – 1,8 млрд теңге; Батыс Қазақстан облысы – 1,5 млрд теңгеден астам; Қостанай облысы – 1 млрд 406 млн теңге; Ақтөбе облысы – 821 млн теңге; Жамбыл облысы – 772 млн теңгеден астам; Қызылорда облысы – 743 млн теңгеден астам; Атырау облысы – 86 млн теңгеден астам; Алматы облысы – 16,1 млн теңге. Жиналған қомақты қарыз салдарынан тек жеткізуші-кәсіпорын ғана емес тұтас бір өңір зардап шегуде. Осы орайда айта кетерлігі, Қазақстанда қызықты үрдіс қалыптасқан – коммуналдық қызметтерді ең ұқыпты және тиянақты төлеушілер зейнеткерлер мен қызметшілер болып табылады, ал елеулі табыс тауып отырған кейбір ірі компаниялар айлар мен жылдар бойы қызмет ақыларын төлеуге құлық танытпайтын болған. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өздерінің ресми сайтында қасақана төлемеушілерге, егер де олар қарызды төлемейтін болса  сотқа жүгінуге мәжбүр болатындарын және нақты шаралар қабылдайтындарын, мысалы, осы кәсіпорындарға газды қысқартатындарын немесе беруді шектейтіндерін ескертті. «Егемен-ақпарат»