Елжан Амантайұлы БІРТАНОВ
1971 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын, «Тұран-Астана» университетін бітірген. Медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Алматы қаласы жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында мамандығы бойынша жұмыс істеді. Денсаулық сақтау саласында мол еңбек тәжірибесі бар. Республикалық токсикология орталығының басшысы, Денсаулық сақтауды дамыту институтының директоры лауазымдарында қызмет атқарған. Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалған. «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын қолдау орталығы» ЖШС басқарма төрағасы болған. 2015 жылғы қарашадан – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
•
26 Қаңтар, 2017
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
258 рет
көрсетілді