• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Қостанай облысында былтыр 96 мың құқық бұзушылық тіркелген

294 рет
көрсетілді

Қостанай облысында «102»  пультіне тәулік бойы мыңнан аса қоңырау түседі. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің  басшысы, полиция полковнигі Нығмет Смағұлов тұрғындармен кездесуде мәлімдеді. Ол өңірде құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін жергілікті полиция қызметі  тұрғындар мен полицияның  бірлесіп жұмыс істеуінің жаңа формаларын табуға күш салғаны жөнінде айтты. Өткен жылы  өңірде қылмыс 11,3 пайызға немесе 2500-ге азайды. Облыста  бір жылда 96 мың құқық бұзушылық тіркелген, 5500-і елді мекендерді көгалдандыру, көркейту  ісіне қатысты болған. Бұл істе   құқық бұзғандарға 7 миллион теңге айыппұл салынған, оның 4 миллионы төленген. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы қылмыс 24,5 пайызға төмендеген. Жұртшылықпен кездескенде жергілікті полиция қызметінәі басшысына 200-ге жуық сұрақ түсті. Оның  ішінде елу сұрақ алыс аудан тұрғындарынан электрондық пошта арқылы келді. Оның барлығына  жергілікті полиция бастығы жауап берді. Осы кездесуде тұрғындарға жергілікті полиция қызметінің  жұмыста пайдаланатын техникалары мен құралдары көрсетілді. Нәзира Жәрімбетова «Егемен Қазақстан»