2014 жылдан бері ресейлік УАЗ компаниясының бас дизайнері болып келе жатқан Андрей Сухановский УАЗ-дың алғашқы кроссоверінің жобасын сызып шыққан, деп жазады koleso.kz.
UAZ 3170 кроссоверінің шығатын уақыты 2016 жылдың ортасында белгілі болған. Ол кезде компания өкілдері жаңа көлік маркасының 2020 жылға қарай шығарылатынын айтқан еді. Ұзындығы 4,6 метрлік көліктің қозғалтқыш көлемі 2,5 литр болмақ. Дегенмен, бейресми мәліметтерге сүйенсек, компания бұл өнімді шығаруды жоспардан алып тастап, оның орнына УАЗ Патриот көліктерін жаңартпақшы.
•
26 Қаңтар, 2017
УАЗ компаниясы кроссовер көліктерін шығаруы мүмкін
387 рет
көрсетілді