• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы үндеуіне байланысты пікірін білдірді

315 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы дүниежүзіндегі саяси өмірде өте сирек кездесетін қадамға барып отыр.  Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өздеріңізге мәлім, кеше Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент, Үкімет және Парламент арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мақсатында Конституцияға өзгерістер енгізу мәселелері бойынша Қазақстан азаматтарына үндеуін жариялады. Президент өзінің бірқатар өкілеттіктерін биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарына беру бастамасын көтерді. Қызмет атқарып жүрген Мемлекет басшысы құзыретін биліктің тармақтарына өз еркімен беруі дүниежүзіндегі саяси өмірде өте сирек кездесін құбылыс», - деп тоқталды Қ. Тоқаев Сенаттың жалпы отырысында. Оның пайымынша, Конституцияға енгізілуі көзделіп отырған өзгерістер Қазақстандағы демократиялық үдерістерді жетілдіру жолында, жалпы, мемлекетіміздің дамуында маңызды бетбұрыс болатыны анық. «Біздің саяси жүйеміз мықты Президент, беделді Парламент, есепті Үкімет тұжырымдамасына негізделетін болады. Сенат депутаттары Президентіміздің үндеуін белсенді түрде халық арасында кең ауқымда насихаттайды деп сенемін»,-деп түйді сөзін Сенат төрағасы.