• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Алматы облысында былтыр 1056 жаңа жұмыс орны ашылды

318 рет
көрсетілді

Алматы облысында былтыр шағын және орта бизнеске 57,84 млрд теңге инвестиция құйылып, 1056 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өңірлік «Даму» қорының мәліметтеріне қарағанда, жалпы Алматы облысында 2016 жылы қаржылай қолдау бағдарламалары арқылы 1 208 несие алушыға 57,84 млрд теңге берілген. Осындай қолдаудың нәтижесінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына  қатысушылардың былтырғы төлеген салығы 9,6 млрд теңгеге жетті. 2016 жылы Бірыңғай бағдарлама аясында кәсіпкерлердің 152 жобасы субсидиялау үшін мақұлданды. Ондағы несиелердің жалпы сомасы 39,04 млрд теңге. Бұл 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 31%- ға артық. Субсидияға ие болғандардың жалпы санының 73% – ауыл кәсіпкерлері. Сонымен қатар, «Даму» қорының аймақтық филиалы өткен жылы кепілдендірудің 80 жобасын бекітіп, ол 1,26 млрд теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда 8%-ға артық. Ал екінші деңгейлі банктердің «Даму» қорының кепілдігімен берілген несие сомасы 2,87 млрд теңге.