• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Алматы облысында 100-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды

405 рет
көрсетілді

Алматы облысында боранды күні жолға шығып, қалың қардың құрсауында қалған 121 адам эвакуацияланды. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Алтын Емел» асуында қарға батып қалған екі жолаушылар автобусы мен 7 жеңіл көлікті аман алып шықты. Оқиға болған жерге арнайы құтқару жасағы дереу жетіп, қар құрсауында қалғандарға көмек бермегенде істің насырға шабуы әбден мүмкін еді. Себебі, күндіз күн жылы болғанымен, түн мезгілінде термометр бағаны -20 градусқа дейінгі суықтықты көрсетіп тұр. «Сарыөзек-Көктал» тасжолының бойында төтенше жағдайға тап болған жолаушыларды құтқару бірнеше сағатқа созылды. «Бұл оқиғадан адамдардың денсаулығына ешқандай да нұқсан келген жоқ. Жолда қалған жолаушылардың барлығы дін аман», – дейді төтеншеліктер.