Қапшағай қаласында азық-түлік өнімдерін өндірумен айналысатын жаңа зауыт салына бастады, деп хабарлады 24.kz.
Бұл өндіріс ошағы іске қосылған кезде 800 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады. Оның құрылысына мұхиттың арғы жағындағы АҚШ-тан 35 миллион доллар тартылған. Болашақта мұнда шығатын өнімнің жылдық айналымының өзі 30 миллиард теңгеден асуы мүмкін.
Зауыттың алғашқы ғимаратының құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Кәсіпорын 2025 жылы толық қуатымен жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Онда шығатын азық-түлік өнімдері Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және Қытай елдеріне экспортталмақ.