Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында тиісті министрліктер мен ведомстволарды қайта ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр өкілетті мемлекеттік органдарға апталық мерзімде Мемлекет басшысының Жарлығынан туындаған барлық қажетті рәсімдерді аяқтауды тапсырды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.