• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Түркістанда суға батып кеткен 8 жасар бала 4 күннен бері іздестіріліп жатыр

20 рет
көрсетілді

Түркістан облысының Келес ауданында 8 жасар баланы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері Келес өзенінде суға кеткен баланы іздестіріп жатыр. 

Баланың анасының айтуынша, 23 наурызда сағат шамамен 17:00-де ойын кезінде бала суға құлап, батып кеткен.

«2018 жылы туған баланы іздеу-құтқару жұмыстарына ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар, туыстары мен тұрғындар тартылды. Барлығы 120-дан астам адам, 15 техника, 12 қайық және 2 дрон қолданылып жатыр», деді облыстық ТЖД орынбасары Асхат Ержанов.

Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасып келеді.

«ТЖД су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін және балаларды қараусыз қалдырудың дұрыс еместігін еске салады», деп хабарлады ведомство.

Іздеу жарияланған атыраулық күдіктінің 5 баласы мемлекет қарауына алынды

Соңғы жаңалықтар