Йемендегі әскери қақтығыстар елде ірі ашаршылықтың болуына себеп қылуы мүмкін, деп мәлімдеді БҰҰ төтенше көмек үйлестірушісі Стивен О`Брайен. Бұл туралы BBC жазады.
Қауіпсіздік кеңесінде сөз алған ол 10 млн-нан астам йемендік азық-түлік тапшылығын тартып отырғанын мәлімдеді. Олардың көпшілігі ашаршылық шегінде көрінеді. БҰҰ өкілінің айтуынша, 10 млн-ның 2,2 млн-ы балалар. "Йемендегі гуманитарлық жағдай шиеленісіп барады. Әскери қақтығыс күн санап күшеюде. Соңғы аптаның өзінде 365 оқиға тіркелді", - деді О`Брайен. 2014 жылдың тамыз айынан бері Йеменде Сауд Арабиясының қолдауындағы билік пен шииттік топ арасында қақтығыс толастамай отыр. Осы уақыт аралығында елде 7469 адам қайтыс болса, 40 мыңы жараланған.
•
27 Қаңтар, 2017
БҰҰ: Йеменде ашаршылық қаупі бар
298 рет
көрсетілді