• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2017

Промоутер: Елеусінов Пакьяомен жұдырықтасуы тиіс

305 рет
көрсетілді

MJA Entertainment австралиялық промоутерлік компаниясының басшысы Майк Алтамура Данияр Елеусінов пен Иван Дычконының кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегінде кімнің шығатынын және олардың болашағы жайлы болжамын айтып берді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Қазіргі уақытта Дерик Сантов (Сергей Ковалевтің экс-бапкері) Дәуренмен (Даниярдың ағасы) Майамиде жаттығып жүр. Ол өз ісінің білікті маманы. Дерик ағайынды Елеусіновтерді және Дычконы жаттықтырады», – деді промоутер. Сонымен қатар, ол Елеусіновтің әлем боксының абыройлы ортасына қосылуды мақсат етуі керек екенін айтты. «Ол нағыз хас шебердің өзі. Мэнни Пакьяо сынды жартылай орта салмақтағы кез келген беделді боксшымен жұдырықтасу болашақта оның мақсаты болуы тиіс», – деді Майк Алтамура. Даниярдың ағасы Дәурен жайлы пікірінде ол чемпион болуға мүмкіндіктің барын айтып өтті. Айтуынша, Дәуренді көпшілік ұмытыңқырап қалған, алайда, ол әрдайым жұмыс істеп, даму үстінде келеді. Орта дивизионда әлі-ақ үлкен жетістіктерге жетеді деген сенім білдірді. Ал Иван Дычко жайлы: «Оның талантына сенемін, аса ауыр салмақта әлемдік деңгейге шығу үшін психологиясы, параметрі, интеллекті бар. Лондондағы жекпе-жегін көргенмін, Энтони Джошуамен жекпе-жегінің нәтижесі даулы. Дычко болашақта оған есе қайтаруы мүмкін», – деді.