• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2017

Қазақстандық боксшы алдағы жекпе-жегі жайлы айтты

374 рет
көрсетілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ернар Ешенов 11 наурызда Гонконг қаласында 26 жастағы танзаниялық Ибрагим Маоколомен (11-5-1, 8КО) жұдырықтасады. Бұл туралы sports.kz хабарлады. «Менің келесі жекпе-жегім 11 наурыз күні Гонконг қаласындағы «Hong Kong Convention and Exhibition» орталығында өтеді. Бұл күні мен өз титулымды (WBO нұсқасы бойынша жастар арасындағы құрлықаралық белбеу) қорғап қалуым тиіс. Қысықов Жанаттың қол астында жаттығып жүрмін. Ал алдағы кездесуіме байланысты «ESKO» кәсіпқой клубында  ҚР спорт шебері Ковальчук Олег Аркадьевич дайындап жатыр», – деді Ернар. Айта кетейік, 21 жастағы былғары қолғап шебері осыған дейін 5 кездесу өткізіп (төртеуі нокаут), бәрінде жеңіске жеткен.