• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2017

«KEGOC» АҚ БАҚ арасында өткен шығармашылық байқауды қорытындылады

345 рет
көрсетілді

«KEGOC» АҚ жыл сайынғы Қазақстанның Ұлттық электр энергетикасы жүйесін дамыту және «KEGOC» АҚ инвестициялық жобаларының өзекті мәселелерін жазған үздік материалдарға жарияланған республикалық және аймақтық БАҚ арасындағы шығармашылық байқаудың қорытындысын шығарды.

2016 жылы байқау комиссиясының қарауына байқау тақырыбына сәйкес қазақстандық БАҚ-та (интернет-БАҚ қосқанда) жарық көрген  96 жарияланым ұсынылды. Олардың ішінен мазмұны жағынан байқауды өткізу талаптарына жауап беретін 42 материал таңдап алынды. Баяндау ерекшелігі мен жанрларына сәйкес, кәсіби шеберліктерін, өзектілігін, материалдардың маңыздылығын ескере отырып, Комиссия байқауды өткізу тәртібіне сәйкес 9 (тоғыз) аталымды анықтап, келесі журналистер мен басылымдардың жұмысын үздік деп тапты: 1) «Жүйелілік және деректілік» аталымы бойынша – «ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН» жаңалықтар порталының редакциясы; 2) «Өзекті жарияланым» аталымы бойынша – Қызғалдақ Айтжанова, «Орталық Қазақстан» Қарағанды облыстық газетінің тілшісі; 3) «Белсенді көзқарас» аталымы бойынша – «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агентігінің редакциясы; 4) «Жедел ақпарат» аталымы бойынша – LS Aqparat ақпарат агентігінің редакциясы; 5) «Үздік салалық талдау» аталымы бойынша – «КурсивЪ» газетінің редакциясы; 6) «Өзектілік» аталымы бойынша – Венера Гайфутдинова, «Forbes.kz» іскери журналының тілшісі; 7) «Аймақтық шолу» аталымы бойынша – Ирина Әділқанова, «Наша жизнь» Павлодар облыстық газетінің тілшісі; 8) «Үздік жарияланым» Әсел Мұқанова, «Казахстанская правда» республикалық газетінің тілшісі; 9) «Ақпараттық қолдау» аталымы бойынша – Айдар Өрісбаев, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі; Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен естелік дипломдармен марапатталды.