• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2017

Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы Бүкіләлемдік Аналитикалық орталықтар қатарында

403 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Вашингтон қаласында «Аналитикалық орталықтар және азаматтық қоғам» атты зерттеу бағдарламасы аясында жыл сайын ұйымдастырылатын жиын болып өтті. Басқосу барысында 2016 жылғы Аналитикалық орталықтардың ғаламдық рейтінгі (2016 Global Go To Think Tank Index Report) жарияланды және әлемнің 182 мемлекеті оның ішінде Қазақстанның үздік «ойшыл» орталықтарының мән маңыздылығы талқыланды. Қорытындысында «Орталық Азияның үздік «ойшыл» орталықтары» номинациясы бойынша Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы рейтингке алғаш рет кірді. Аналитикалық орталықтардың дүниежүзілік индексі (The Think Tank Index) бірнеше сатыдан тұратын ғаламдық зерттеулердің нәтижесінде әлемнің үздік «ойшыл» орталықтарының рейтингісін қалыптастырады. Бұл көрсеткіш 2008 жылдан бастап Пенсильвания Универститетіне қарасты (University of Pennsylvania) «Аналитикалық орталықтар және азаматтық қоғам» (The Think Tanks and Civil Societies Program) зерттеу бағдарламасы аясында сараланады.