Жұма күні Астана уақытымен 11:48-де Брент маркалы мұнай құны 56,15 долларға тең болды. Ал KASE-нің таңғы сессиясында бір АҚШ доллары 328,76 теңгеге теңесті.
Жалпы, аптаны “плюспен” бастаған шикізат нарығы, ұлттық валюта үшін де жайлы жағдай қалыптастырды.
Апта басында қор нарығында Трамптың ұлттық экономикалық саясатқа қатысты айтқан мәлімдемесінен кейін доллардың өзіндік құны бір пайызға дейін арзандап кеткен еді. Нәтижесінде теңгенің бағамы өткен аптадағы 334 теңгеден 331-ге дейін төмендеген.
Аптаның екінші жартысынан кейін АҚШ валютасы қайта қалпына келе бастады. Дегенмен, бұл кезде мұнайдың 55 доллардан асуы себепті теңге өз құнын жоғалтпады. Осылайша аптаны 330 айналасында бастаған ұлттық валюта бұл аптаны оң нәтижемен аяқтап отыр.
Доллардың көтерілуіне Азия нарығындағы бәсеңдеушілік тие әсер етті. Нақтырақ айтар болсақ, Қытайдағы жаңа жыл мерекесінде Азия нарығы жұмысын азайтып, бұл өз кезегінде юаньның төмендеуіне алып соқты. Бұл да АҚШ валютасы үшін тиімді болғаны анық.