• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2017

Ауыр сөмкенің мектеп оқушысына қаншалықты зияны бар?

643 рет
көрсетілді

Ирландияның ұлттық ата-аналар кеңесінде (National Parents Council Primary) ауыр сөмке оқушының омыртқасына зияны барын талқылады. Осыған байланысты бірыңғай салмақтағы сөмкелерді енгізу ұсынылды. Бұл туралы life.ru хабарлады. Жиында әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары оның тым ауырлығына шағымданған. Шамамен 3000 адамның үштен бір бөлігі осының салдарынан баланың сабағына әрең баратынын мәлімдеді. Сонымен қатар, сауалнама қорытындысында әрбір бес қатысушының төртеуі денсаулыққа зияны тимес үшін оны қалай көтеріп, қалай қозғалу керектігі жөнінде нұсқама жасалғанын қалайтындығы белгілі болды. Ата-аналардың шағымын қанағаттандыру үшін NPC төменгі сынып оқушыларына салмағы бірдей рюкзак енгізуді ұсынды. Бұл Еуропаның бірқатар елдерінде, сондай-ақ АҚШ пен Австралияда қолданысқа енгізілген. «Бұл әдіс артық салмағы бар оқушылар үшін еш пайдасы жоқ. Ал сүйек пен бұлшық еттің ауырғаны сөмкенің немесе тағы бір заттың ауыртпалығына байланысты емес екендігі бірнеше рет дәлелденген», – деді физиотерапия кафедрасының доценті Сара Докел.