• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Ғалымдар үнқосуы

379 рет
көрсетілді

Қазақстан Ғалымдары одағының төралқа жиынында билік тармақтарын қайта бөлу жайындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуі қызу талқыланды. Осыған орай, отырыста айтылған терең ой, тұщым­ды пікірлердің бір үзігін назарларыңызға ұсынамыз. Оразалы СӘБДЕН, академик: – Менің Пар­ламенттің бұ­рынғы 4 рет сайланған де­путаты ре­тін­де әрі кә­сі­би ма­ман ре­тінде ай­тарым, ал­дымыз­да сара жол ашыл­мақшы. Әдеттегідей, мақұлға салып, бәрі жақсы деп бас шұлғап отыра берсек, ештеңе шықпайды. Халық «Баяны жоқ ерден без, байлауы жоқ сөзден без» дейді. Ендеше, сөзбұйданы қойып, нақты іске көшетін кез келді. Бәлкім, мен қателесетін шығармын, бірақ сыртқы және ішкі жағдайымызды қарасақ, мұның бізге берілген бірден-бір мүмкіндік екені анық.     Нұрсәуле БІРІМБЕТОВА, экономист ғалым: – Экономи­ка мен әлеу­мет­тік жағ­дай­дың ны­­ғаюы – бас­қа­ру­дың жаң­ғыр­­туымен ті­ке­лей бай­ла­нысты. Сон­дықтан, конс­титуциялық реформа осыған өзінің әсерін тигізеді, себебі, Пар­ламенттің рөлі күшейсе, заң­дардың сапасы жақсарады. Бұл – басқару жүйесінің тиім­ділігі артады деген сөз. Осы бір-бірімен тығыз байланыс­ты жағ­­дайларды дұрыс шешуге білік­ті, ақылды мамандар керек. Сондықтан да реформаны тиімді іске асыруға мықты кадрлық саясат қажет. Мақсатқа жету үшін шылбырды дұрыс ұстап, даңғыл жолға шығуға болады.   Аманжол ҚОШАНОВ, академик: – Бізде бір па­­латалы Па­р­­­ламент бо­­луы керек. Қа­зіргі Пар­ла­менттің құ­ра­мы, оның кә­сіби дең­гейі со­ны өз­ге­­ріс­терді та­лап етеді. Сон­дықтан, Парламентті тү­­бе­гей­лі жаңартқан абзал. Бір ман­­дат­ты жүйе бойынша, Парла­мент­­тің 50 пайызын партиялар құ­раса, қал­ған 50 пайызын жер­гі­лікті жерден халық сайлауы керек. Жазып алған Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»