Weibo қытай микроблогтар қызметінің нарықтық құны Twitter-ден асып түсті. Бұл туралы Bloomberg жазады.
Weibo компаниясының капитализациясы 11,3 млрд долларға жетті. Бұл Twitter капиталынан 200 млн долларға артық. Қытай микроблогтар қызметі 2009 жылы шыққан еді. 2014 жылы компания IPO өткізіп, одан кейін оның құны $3,4 млрд-қа жетті. Ал ол кезде Twitter капитализациясы $26,5 млрд шамасында еді.
Ертеректе Twitter 2016 жылғы қаржылық есебін жариялаған. Осыдан кейін компания акциясы 10 пайыз арзандап кетті.