• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

Қазақстанда қаңтар айында 2288 көлік сатылды

376 рет
көрсетілді

  2017 жылдың қаңтар айында ресми дилерлердің  автоорталықтарында 2288 көлік сатылды.  Бұл өткен жылдың осыған сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35,3%-ға төмен. Қазақстандықтар қаңтар айында темір тұлпар сатып алуға $51,6 млн. теңге жұмсаған, деп xабарлайды "ҚазАвтоПром". "Жаңа көліктердің 94 пайызын қазақстандықтар ресми дилерлерден сатып алған. Бұл көрсеткіштер нарықтың қалпына келе бастағандығын көрсетеді", - деді «ҚазАвтоПром» Қазақстан автомобиль салысы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферов. Қаңтарда сатылған көліктердің 1655-і (72%) - импортталған, ал 633 сатып алушы  (28%) отандық көліктерге таңдау жасаған. Қазақстандықтар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие брендтердің көшін Toyota бастап тұр. Бір айда жапондық марканың 393 көлігі сатылып кеткен. Lada модельдерінің сатылымы 323 бірлікті құрады. Үшінші орында 259 көлікпен Renault бренді тұр. Үздік бестікті Hyundai (177) мен GAZ (164) түйіндеді. Ең танымал TOP-10 марканың ішіне Ravon (152), KIA (119), UAZ (100), Volkswagen (99) мен Chevrolet (94) кіріп отыр. Қазақстан нарығында ең ірі ойыншы мәртебесін БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО xолдингі сақтап қалды. Сатып алушылардың 26,4% осы xолдингтің өнімдеріне тоқталған. Нарықтың 14,9 пайызын КМК Astana Motors иеленіп отыр. Ондықтың ішіне Вираж - 11%, Toyota City Алматы (4,7%), Allur Auto (4,4%), Урал-Кров (3,8%), Aster Auto (3,7%), Mercur Auto (3,6%), Лексус Алматы (2%) мен Алматы АТО (1,9%) кірген. Сатып алулардың ең көп үлесі негізінен Алматы (646 авто), Астана (388), Атырау (194), Қостанай (146), Шымкент (136), Ақтөбе (126), Орал (119), Ақтау (114), Өскемен (102) мен Қарағанды (96) қалаларына тиесілі.