• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

2016 жылы 8,3 мың отбасы баспанамен қамтылды

266 рет
көрсетілді

2016 жылы тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды дамытуға 400 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде, 2016 жылы 8,3 мың отбасы баспанамен қатмасыз етілді. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. «Мемлекеттік бағдарламада тұрғын үй құрылысы мәселелері қарастырылған. 2016 жылы тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды дамытуға мына бағыттар бойынша 400 млрд. теңге бөлінді:«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ желісі бойынша жалдық тұрғын үй құрылысына - 22,5 млрд. теңге; «Байтерек девелопмент» желісі бойынша жалдық және несиелік тұрғын үй құрылысына - 113 млрд. теңге, жергілікті атқарушы органдардан несиелік тұрғын үй құрылысына - 67 млрд. теңге, Самұрық Қазына жылжымайтын мүлік Қоры желісі бойынша коммерциялық тұрғын үй құрылысына – 97 млрд. теңге, инженерлік-коммуникацилық инфрақұрылым құрылысына – 78,5 млрд. теңге, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларын несиелеуге – 22 млрд. теңге», - деді Ж.Қасымбек. Нәтижесінде, 2016 жылы 8,3 мың отбасы баспанамен қатмасыз етілді (478,8 мың.кв.м) және жыл соңына дейін көрсетілген қаржы есебінен 33,8 мың отбасы (1,9 млн. кв. м) қосымша тұрғын үймен қамтылатын болады. Алдағы уақытта аталмыш мәселелер 2016 жылдың 31 желтоқсанында бекітілген «Нұрлы жер» бағдарламасы аясынада жүзеге асатын болады. «Бағдарламада ТКШ инфрақұрылымын, жылу жүйесін, сумен жабдықтау және   су тартуды модернизациялау мәселелері қамтылады.7,2 шақырым болатын жылу беру жүйесі, 14,6 шақырым болатын сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйелері салынды.  2017 жылға 53,0 теңге қарастырылған (несиені игеру кезеңі кредитор есеп-шотынан несие аударылған сәтінен басталып, 2018 жылдың 10 желтоқсанында аяқталады).Қарастырылған қаржыға 1778 км инженерлік желіні қайта жаңғырту және салу жоспарланған», - деді министр.
Соңғы жаңалықтар