• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

Универсиада нысандарының жиһаздары әлеуметтік мекемелерге таратылды

294 рет
көрсетілді

«Универсиада мұрасы» жобасы аясында Атлеттер ауылындағы 140 мыңнан астам тұрмыстық заттар, оргтехника, арнайы қондырғылар Алматы қаласының 500 әлеуметтік мекемелері арасында бөлінді, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.

Спортшылар үшін алынған төсектер, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, светильниктер, тумбалар, столдары, үтік тақталары, телевизорлар , медициналық қондырғылар, офистік техника - барлығы 450-ге жуық заттар қала ауруханаларына, мектептерге, емханаларға, бала бақшаларға, колледж дерге, спорт мектептеріне, жатақханаларға, ардагерлер үйіне таратылды.

«Қала ауруханаларында бірқатар дайындық жұмыстары жүргізілді, материалдық –техникалық база жақсарды, қызметкерлер ағылшын тілі курсынан өтті. Ойындар аяқталғалы бері біз Универсиаданың оң әсерін сезінудеміз. Бізге қондырғы, жиһаз, оргтехника берілді. Бұлардың барлығы келген адамдарға сапалы қызмет көрсетуге көп мүмкіндік береді. Мысалы, ота жасалған сырқаттардың тез сауығуы үшін жайлы ортопедиялық матрацтар қашанда керек»,- атап өтті Перинатология және балалар кардиохирургиясы Орталығы директорының орынбасары Гаухар Көшкімбаева.

«Қала әкімшілігі Алматыдағы Ойындардан соң спорт объектілерінде қалған барлық жаңа жиһаздарды, техникаларды, түрлі қондырғыларды мегаполистің әлеуметттік мекемелеріне бөліп беру туралы шешім қабылдаған еді. Бұл бізге үлкен қолдау, әсіресе үйлерінен жырақта, жатақханада тұратын балалар үшін», - деді Алматы мемлекеттік Энергетика және электронды технология колледжінің директоры Төлеуғали Тайтүлеев.

Универсиада обьектілерін пайдалану және ұстау жөніндегі директор Сергей Апенко барлық техникаларды, жиһаздар мен қондырғыларды әлеуметтік мекемелерге тарату туралы шешімді қала басшылығының Универсиада қарсаңында қабылдағанын айтты.

«Қала әкімдігі әлеуметтік мекемелерден қандай техника, жиһаз қажеттігі жөнінде өтінім алып, арнайы тізім жасаған болатын. Яғни, әрбір төсек, телевизор нақтылы мекенге жеткізіліп, дұрыс пайдаға асады», -деді С.Апенко.

Назарларыңызға, Алматыда Универсиада тарихында алғаш рет 5000 мың орынды Атлеттер ауылы салынды. «Универсиада мұрасы» аясында бұл тұрғын кешені үй кезегінде тұрғандар арасында бөлінеді, соның арқасында мегаполистегі үй кезегі 10%-ға азаяды.

Соңғы жаңалықтар