• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

Мұхамедиұлы: Биатлоншыларымыз допинг қолданбады

402 рет
көрсетілді

Австриядағы биатлоншылармызға қатысты мәселе алдағы уақытта сабақ болады. Бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысынан кейін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сынама Австрияда алынды және алғашқы нәтижелері теріс болды. Яғни, спортшыларымыз таза деген сөз. Ол жерде белгілі бір техникалық қателіктерге жол берілген. Бұл алдағы уақытта дәрігерлеріміз өздерінің міндеттемелеріне барынша мұқият қарауы үшін бізге сабақ болды», – деді Мұхамедиұлы. Бұған дейін Хохфильценде австриялық полиция биатлоннан Қазақстан құрамасы тұрып жатқан жерді тінтіп, көптеген медициналық құрылғылар мен тыйым салынған фармакологиялық дәрі-дәрмектер тапқаны хабарланған.