• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2017

Ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

249 рет
көрсетілді

Әділет министрлігінде Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Инвестициялар және даму министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің үкіметтік емес ұйымдар және бизнес саласының өкілдері қатысқан жиынды Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина жүргізді. Отырыс барысында үш заң ж­о­ба­сы­ның тұжырымдамасы қа­ралды. Заң жо­баларында көлік, әлеуметтік қам­сыз­­­дандыру, ж­ұмыспен қамту және кө­ші-қон мәселелері бойынша тиісті заң­­намалық актілерге өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу қа­рас­­тырылып, тиіс­ті ми­нистрліктердің өкіл­дері баяндама жасады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, бүгінгі таңда еліміздегі өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны 2,2 миллионнан асады. Олардың 350 мыңнан астамы тіркелмеген қызметті атқаратындар немесе табыстары ең тө­менгі күнкөріс деңгейінен төмен азамат­тар. Сол себепті, халықаралық ең­бек ұйы­­мының қағидаттары бойын­ша, оларды нәтижесіз жұмыспен ай­на­лы­с­а­тын­дар­­­дың қатарына жатқызуға тура келеді. Тағы бір айта кетерлігі, 2050 жылға қа­рай еліміздің өңірлеріндегі халықтың ор­наласу тығыздығының арасындағы алшақтық белең алуы мүмкін. Мәселен, оңтүстік өңірде бұл көрсеткіш солтүстік өңірмен салыстырғанда төрт есе артық болмақ. – Осыған орай, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында азаматтардың жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуына жағдай жасау көзделген. Сол арқылы еңбек ресурстарының ұт­қыр­лығын арттыруға болады, – деді Біржан Нұрымбетов. Еңбек және халықты әлеуметтік қор­­ғ­ау министрлігінің деректеріне сүй­енсек, соңғы алты жыл ішінде елі­міз­­дегі жұмыспен қамтудың 28 пай­ыз­ға өсуі білім беру, денсаулық сақ­тау жә­не мемлекеттік басқару сала­ла­ры­ның есе­бінен қамтамасыз еті­ліпті. Мем­ле­кет­­- ­­тік кәсіпорындарда ашыл­ған жұмыс орын­дарының үлесі болса 50 пайыздан асады. Заң жобалары бойынша баяндама жасаушылар құжаттарды қабылдаудың мақ­саты, оның халықты жұмыспен қамту, көші-қон саласындағы мәселелерді рет­теудегі маңызы туралы дәйектерін ор­таға салды. Үкіметтік емес сектор мен бизнес өкілдері заң жобаларына ұсыныстарын жеткізді. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»