• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2011

Алматы ауасы тазарып келеді

389 рет
көрсетілді

Осы қыста Кеңсайға ба­руы­мыз жиілеп кетті. Бірқатар ардақ­ты ағалардан айырылып қалдық қой. Сол кісілердің алдындағы соңғы парызды өтеп, көңіл онсыз да жа­быр­қау тартып тұрған сәт­терде Ас­танадан келген бір досы­мыз тө­мендегі Алматыға көзі түс­кенде шошынғандай сыңай та­ныт­ты. Қала өзін тұмшалаған бұлыңғыр мұнардан тасаланып көрінбей тұр екен. Сол көріністі біздің дос қол­ма-қол суретке түсіріп алып жатты. Бүгін Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдал­а­ну­ды реттеу басқармасынан келген атмосфера тазалығын бағам­дай­тын мәлі­мет қолыма тигенде сол оқиғаны еске түсірдім. Мына сараптама деректері қаланы жап­қан бұлыңғыр мұ­нар ішінен бір үміт сәулесін жыл­тыратқандай. Наурыз айында Алма­ты­дағы атмосфераның ластану индексі 10,4 болыпты. Бұдан өткен жыл­дың наурызында 12,1, ал оның алдындағы жылы 13,6 болған көр­сеткіштерден кему үрдісіне бет алу­шылық аңғарылғандай. Айтар болсақ, шынында да қа­ла билігі қолданып жатқан шара­лар­дың арқасында Алматыдағы атмосфералық ауаның жағдайы жақ­сарып келеді. Бұған авто­кө­лік­тің уыттылық нормаларын жә­не техникалық байқаудан өтуді, са­тылатын автомотор жанарма­йы­ның сапасын, көлікті газға көшіру орайындағы бағдарламаның жүзе­ге асуын бақылауды күшейту жә­не басқа шаралар игі әсерін тигізуде. Сондай-ақ мегаполистегі ауа­ның ластану деңгейін кемітуде шы­ғыс айналма жолы бірінші ке­зегінің пайдалануға берілуі, жолдардың күрделі әрі ағымдағы жөндеуден өтуі және жаңадан салынуы үлкен рөл атқаруда. Қалалық мәшине паркі жаңа­лануда. Бүгін таңда пайдалану мер­зімі 3-7 жыл арасындағы мә­шинелер көбейе түскен. Бұл да ауаның тазаруына көмектесуде. Дерек көздеріне сүйенсек, ал­дың­ғы жылдармен салыстырғанда ластану 2,6 мың тоннаға кеміген. Бұған не нәрсе септесті десек, жылу-энергетикалық кәсіпорын­дар­да осы заманғы тозаңнан тазарту жабдықтары қойылған, халықара­лық әуежай және бірқатар ұсақ кә­сіпорындар қазандықтары газбен жағылатын болған. Сонымен бірге жеке меншік тұрғын үй секторы газдандырылды. Өткен жылы ғана 64 шақырым газ құбыры желісі тартылып, 20 мыңға жуық үй «кө­гіл­дір отын» пайдаланатын болды. Сөйтіп, Алматы ауасының тазару үдерісі жалғасын табуда. Қорғанбек АМАНЖОЛ.