• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2011

«Назарбаев университетіндегі» таланттар талпынысы

386 рет
көрсетілді

Талантты ұрпақты тап басып танып, бойындағы қарымы мен да­рынын ашу арқылы ондаған жас­тың келешегіне керек кемел жол сілтеуге болады. Ол негізінен «Ғылым әлемін ашамыз» деген тақырыппен өтуде. Осы шара кеше елордадағы «На­­зарбаев университетінің» сенат залында болды. Конфе­рен­ция­ға кел­ген талантты жастар ға­рыштық технологиялар, астрофизика және модельдеу, ғарыш және жер туралы өздерінің байлам-пайымдарын са­рап­шылар талқысына ұсынуда. Конференцияның ашылу рәсі­мі­не Білім және ғылым министрі Ба­қытжан Жұмағұлов қатысып, жас та­ланттарға сәт сапар тіледі. Бұл білім сайысының «Назарбаев университетінде» өтуінің өзінде симво­л­дық мән бар екенін тілге тиек етті. Біз «Ғылым әлемін ашамыз» деген тақырыптағы оқушылардың VII халықаралық конференция­сы­на ұйыт­­қы болған «Дарын» орта­лы­­ғының директоры Т.Битуоваға жо­­лық­қанымызда, ол бұл шараның екі күн бойы өтетінін, онда екі жүзге тар­т­а жастардың өздері әзір­леген ғы­лыми тақырыптары бо­йын­ша бақ сы­­найтынын, әсіресе, «Ға­рыштық тех­­­ника және инфра­құрылым», «Ға­рыш­тық-ақпараттық технологиялар және үлгілендіру», «Ғарыштық қыз­мет жә­не эколо­гия», «Астрофизика жә­­не ға­ламдық эволюция», «Күн жү­йе­сі» деген бес тақырып бо­йын­ша же­­ңім­паз­дар анықталатынын атап өтті. Сүлеймен МӘМЕТ.