• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2011

Ақпарат беру мақсатындағы кездесу

321 рет
көрсетілді

Ыстамбұлда Қазақстанның Түр­киядағы елшісі Ж.Түй­ме­баев­тың Қазақстанда 3 сәуірде өткен кезектен тыс президенттік сайлау туралы түрік жұртшылығына ақ­парат беру мақсатындағы жұмыс кездесуі болды. Оған Түрік Рес­публикасынан тәуелсіз байқау­шы­лар ретінде Қазақстандағы кезектен тыс сайлаудың барысын ба­қылаған «Гедиз» университеті қам­қоршылық кеңесінің төр­аға­сы, Түркия Эгей аймағының белді кәсіпкері Абдулла Кавук пен Түр­кияның «ЭкоЕуразия» экономи­ка­лық зерттеулер қауымдастығының өкілі, «Йени чаг» газетінің шолу­шысы Күршат Зорлу қатысты. Елшінің ақпаратынан кейін сөйлеген К.Зорлу Қазақстанның Ор­талық Азиядағы ең тұрақты мемлекет болып табылатындығын атап өтіп, екі ел арасындағы саяси, экономикалық, мәдени ынты­мақ­тастықтың жоғары деңгейін және Түркияның өзара қатынас­тарды одан әрі белсенді дамытуға жәр­демдесу ниетін атап өтті. Ол ҚР Президенті Н.Назарбаевтың түркі­тілдес мемлекеттер ынты­мақ­тас­тығын тереңдетуге қосқан үлесін жоғары бағалады. К.Зорлу 3 сәуір­де Алматыда қаланың әр түрлі аудандарындағы 10-нан астам сайлау учаскелерінде бол­ға­нын және қандай да бір заң бұзушылық­тардың байқал­маға­нын айтты. Кездесу барысында сөз сөй­леген және Астанадағы сайлау барысын бақылаған Абдулла Кавук сайлау күні Қазақстандағы ауа райының қолайсыздығына қа­рамастан, сайлаушылардың қа­тысу деңгейінің жоғары болғанын атап өтті. «3 сәуірде Қазақстанда өткен кезектен тыс сайлау ашық, демократиялық тұрғыда өтті және барлық халықаралық стандарт­тарға сәйкес болды», деп қоры­тын­ды жасады түрік байқаушысы.