• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2011

Жарқын жеңісімен құттықтады

358 рет
көрсетілді

Азиялық Саяси партиялар Халықаралық конференциясы (АСПХК) атынан Қазақстанда өткен президенттік сайлауға бай­ланысты арнайы хат келді. АСПХК төрағасы, Тұрақты комитеттің тең төрағасы Хосе де Венесиа мен Азия-Тынық мұ­хит аймағының центристік демократиялық интернационалы­ның Бас хатшысы Мушахид Хусейн Сайедтің құттықтауында былай делінген: «Президент Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан халқының бірауыздан қайта сайлауы оның Орталық Азия мен Еуразия кеңістігіндегі кемеңгерлік көшбасшылығы мен халықаралық аренадағы биік беделінің тағы бір нақты көрсеткіші. Азиялық Саяси партиялар Халықаралық конференциясы мүшелері – Азияның саяси партиялары, сонымен қатар, біздің азаматтық қоғам ұйымдарымыз Азия-Тынық мұхит аймағының центристік демократиялық интернационалымен бірлесе отырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевты біздің аймақ пен дүние жүзіндегі түрлі толқуларды, этностық және саяси-діни жанжалдарды азайтуға қабілетті, жаһандану, дінаралық, интермәдени үнқатысулардың көшбасшысы ретінде қолдайды. Қазақстан – өзінің қиындықтарын жеңе жүріп, әлемдегі жетекшілік орнын айқындауға ұмтылған жас, тәуелсіз мемлекет. Біз Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты жарқын жеңісімен құттықтаймыз!».