• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2011

Ықыласты құттықтаулар, ізгі тілектер

410 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мемлекет, үкімет басшыларынан, халық­ара­лық ұйым­дар­дың жетекшілерінен сайлаудағы жеңісіне бай­ла­нысты құттықтаулар келіп түсуде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан Республикасының президенттік сайлауындағы Сіздің сенімді жеңісіңізге бай­ла­ныс­ты шын ниетті әрі ықыласты құттық­тауым­ды қабыл алыңыз. Халықтың Сізге көрсеткен сенімі Қазақ­стан­ның егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның азаматтарының әл-ауқатын арттыруға ба­ғыт­талған Сіздің жүргізіп отырған бағыты­ңыз­дың дұрыстығының айқын көрінісі болып та­бы­ла­ды. Біздің еліміз әрдайым Қазақстан Рес­пуб­ликасының сенімді серіктесі және одақтасы болды және бола бермек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы тамаша же­ңісімен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян құт­тықтады. Құттықтауда былай делінген: Жоғары мәртебелі, Сізді Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Сіздің дана және көреген саясаты­ңыздың арқасында Сіздің еліңіз әлемнің жетекші мемлекеттерімен серіктестік қа­ты­настар орнатып, нығайта түсті және қыз­метінің барлық салаларында зор жетістіктерге жетті.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Швейцария Конфедерациясының Президенті Мишлин Кальми-Рей құттық­тады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға байланысты Швейцария Федералдық Кеңесі атынан өзімнің шын ниетті құттықтауымды білдіру мен үшін үлкен құрмет. Біздің елдеріміз арасындағы ізгі қатынастар алда да нығайып, дами беретініне сенемін.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы сенімді же­ңі­сімен Словакия Республикасының Президенті Иван Гашпарович құттықтады. Құт­тықтауда былай делінген: Жоғары мәртебелі, Сіздің Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне сайлануыңызға байланысты менің құттықтауымды қабыл алыңыз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, өткен жылы Астанадағы біздің келіссөздеріміз барысында жаңа жағымды серпін берілген словакиялық-қазақстандық сындарлы үнқатысу мен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға деген қызығушылығымды қуаттағым келеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы тамаша жеңі­сімен Латвия Республикасының Президенті Валдис Затлерс құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Жоғары мәртебелі, Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға байланысты менің құттықтауымды қабыл алыңыз. Біздің халықтарымыздың болашақтағы игілігі жолында біздің елдеріміз арасындағы екі жақты қатынастар өз дамуын жалғастыруы үшін Сізге алдағы қызметіңізде табыстар тілеп, сенім білдіргім келеді.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы сенімді же­ңісімен Македония Республикасының Президенті Георге Иванов құттықтады. Құттық­тауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Сіздің Қазақстан Президенті қызметіне қайта сайлануыңызға байланысты өзімнің шын жүректен шыққан құттықтауымды жолдау мен үшін үлкен құрмет және ерекше қанағаттану­шылық сезімін тудырады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, біздің елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы достықты одан әрі дамытуға және нығайтуға деген сенімімді атап өткім келеді. Бірлескен күш-жігерімізді жұмсай отырып, біз Македония Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту үшін мүмкін­дік­те­рімізді одан әрі пайдалануға өз үлесімізді қосатынымызға сенемін. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сай­лаудағы тамаша же­ңісімен Испания Королі Хуан Карлос І құт­тық­тады. Құттықтауда былай делінген: Президент мырза, Қазақстан Республикасының Президенті қыз­метіне қайта сайлануыңызға байланысты ме­нің шын ниетті құттықтауымды қабыл алыңыз. Сіздің еліңіз осы жылдар ішінде айтарлықтай нәтижелерге жетті. Біздің бірлескен жұмысымыздың арқасында біздің мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастар достық пен ынтымақтастық рухында дамып отырғаны мені ерекше қуантады. Мен Сіздің күш-қуатыңыздың арқасында Қазақстан өміріндегі жаңа кезең тағы үлкен прогреспен және халықтың әл-ауқатының артуымен белгілі болатынына сенемін. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңі­сімен Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отунбаева құттықтады. Құт­тық­тауда былай делінген: Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізді бауырлас қырғыз халқының атынан және жеке өзімнің атымнан 2011 жылғы 3 сәуірде өткен Қазақстан Республикасының президенттік сайлауындағы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің басшылығыңызбен 20 жылдан бері бауырлас Қазақстан қол жеткізген табыстар ауқымды, бірегей сипатқа ие және бұған Қырғызстандағылар шын ниетімен қуанышты. Мемлекет басшысын сайлаудағы сенімді жеңісімен Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Дубай әміршісі Шейх Мухаммед Бин Рашид Әл-Мактум мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-премьер-министрі Шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян құттықтады.