Алға асырған Абылайдың ақ жолын
Сыр ұқтық бұл ғажайып ұнасымнан: Гүл бітіп жолыңызға, нұр шашылған. Ұшақпен келіп қонған сәтіңізде Аспанда бұлт ыдырап, күн ашылған!.. Сіз келіп, сая тауып, дала шудан, Асыппыз сынын тосқан сан асудан. Айбатты барыспенен Сіз баптаған Аю да, айдаһар да санасуда. Елім деп бүгін, міне, мақтана алам, Еріме қуат берсін хақ тағалам! Жерінде Қызылжардың қолдап жатсын, Жан досын қасына алып жатқан бабаң! Сіз сынды сүйген, сенген ұлы барда, Халқымыз ұмтылады бүгін алға. Жебесін аруақтар – Қожаберген, Шоқан, Мағжан бастаған ұлылар да! Тұрғанда Сіз ту еткен бірлік қолда, Басқаны анық біздің тірлік оңға. Нұр-аға, жасампазсыз жалғастырған Ақ жолын Абылайдың нұрлы жолға! Кәрібай МҰСЫРМАН. Солтүстік Қазақстан облысы.