• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2011

Сенім салтанаты

520 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ Кешегі күн біздің болашақ спорт­шыларды баулитын білім ор­дамызда мерекеге айналды. Мұн­да Президент Нұрсұлтан На­зар­ба­евтың өз қызметіне кірісуін ұлық­тау рәсіміне арналған митингі Ас­танадағы ұлық оқиғаның ізін ала жедел өткізіліп, оған спорт­шылар, студенттер, оқу орнының оқыту­шылары мен қонақтары қатысты. Академия ректоры, профессор Қайрат Зәкіриянов қазақ мемлекеттілігі қалыптасуының даңқты әрі қилы да қиын тарихына шегініс жасап, егемендіктің соңғы 20 жылындағы қадау-қадау жарқын белестерді атап өтті. – Біз бүкіләлемдік универсиадалар мен Олимпия ойында­рын­дағы тамаша жеңістерімізді мақ­тан ете аламыз. Сол жеңістердің арқасында туған Қазақстаны­мыз­ды әлем жұртшылығы тани тү­су­де, – деді бірінші курс студенті, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Алексей Левкин. – Спорт біздің еліміздің бет-бейнесін та­нытар брендіне айналды. Академия ардагері Май Хван, қазақ тілінде тамаша сөйлеген бірінші курс студенті Оля Московченко және басқалар баршаны инау­гу­ра­ция өткен қуанышты оқи­­ға­мен құт­тықтап, өздерінің әр­қа­шан Елба­сы­мен бірге екендіктерін мәлімдеді. Петр ПОМИНОВ, Қазақ спорт және туризм академиясының оқытушысы. * * * АТЫРАУ Ұзақ жыл Атырау облысының басқару органдарында қызмет істей жүріп, еліміз өркендесе екен, халқымыздың тұрмысы жақсарса екен деуші едік. Сол мақсатымыз еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін іске аса бастады. Ғасырға та­ты­ған 20 жылдың ішінде Қазақ­стан­ды, қазақ халқын әлем та­ныды. Қа­зақ­стан десе, қазақтың Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев десе жаһан жұрты елең ететін бол­ды. Елбасының ұлттық экономи­ка­ны өркендетудегі саясатын ха­лық әр кез қолдайтыны мерзімінен бұрын өткен президент сай­лау­ында айқын байқалды. Ал кешегі Мемлекет басшысын ұл­ық­тау рәсімін отбасымызбен теледидардан тікелей эфир арқылы көр­дік. Инаугурацияның сән-салтана­тымен өткеніне, Қарулы Күште­рі­міздің сап түзегеніне, Нұрсұлтан Әбішұлының шешендерше көсіле сөйлегеніне – бәрі-бәріне марқай­ып отырдық. Жүрегімізді мақта­ныш сезімі кернеді. Көшбасшысын таңдауда жа­ңы­лыспаған Қазақстандай елде тұ­ратын ұрпағымыздың келешегі жарқын болсын! Ел аманатын ар­қалаған Нұрсұлтан Назарбаевтай кемеңгер тұлғамыз аман болғай! Орынғали ҚАРАСАЕВ, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, Атырау облысының құрметті азаматы. * * * АҚТӨБЕ Елбасының инаугурациясы кү­ні біздің «Ақтөбемұнай-газ» акционерлік қоғамы үшін ақжолтай сәттіліктерге толы болды. Ұж­ым­да еңбек ететін сегіз мыңға жуық жұмысшылар осы бір салтанатты сәтке әдейі дайындалғандай қы­ру­ар істің басын қайырды. Атап айтсақ, кеше барлау блогындағы төрт ұңғыма бұрғыланды, Кең­қи­яқ тұз асты кен орнындағы үш ұңғыманы да бұрғылау аяқталды. Сондай-ақ, нақ осы күні жыл басынан бері 1548610 тонна мұ­най өндіруге қол жеткізілді. Бұл өт­кен жылғы осы кезеңмен са­лыс­­тырғанда 13479 тоннаға көп. Міне, «әуелі эконо­мика, сонан кейін барып саясат» қағидасын ұс­танып келе жатқан Елбасының инаугурация салта­на­тын біздің ак­цио­нер­лік қоғам ос­ындай екпінді ең­бек­пен қарсы алды. Теледидардан Елбасы сөзін тың­дап, елімізде қол жеткен табыстар мен ізденіс­тер­дің алда да жал­ғасын табатынын айқын аңғар­дық. Ел­ба­сымен ер­те­ңі­міз­дің іргесін бірге қалауға жұ­мыла оты­рып, жаңа белестерді алаты­ны­мыз­ға күмән жоқ. Болат КӨПТІЛЕУОВ, «СНПС-Ақтөбемұнай-газ» АҚ өндірістік-технологиялық жұмыстарды үйлестіру департаментінің директоры. * * * АҚМОЛА Жалпыхалықтық сайлауда же­ңіп шыққан Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты ұл­ық­тау салтанатын теледидардан тамашалау барысында айрықша мақ­таныш сезіміне бөлендім. Бұл дана халқымызға, дара көшбас­шы­мызға деген мақтаныш еді. Елбасымыз үнемі бізбен бірге. Ата Заңымызға қолын қой­ып, Қазақстан халқына Ант берген Нұрсұлтан Әбішұлы: «Ақ жүрек халқымның сенімін ақтай­мын. «Көп тілегі – киелі» деген нақыл тауып айтылған. Сіз­дер­дің алда­рыңыз­дағы жауапкершілікті сезінемін және сіздермен бірге үлкен же­ңіс­терге қол жеткіземіз. От­басыла­ры­ңыз берекелі, бар­ша­ңыз аман болыңыздар», дегенде: «Әу­мин», деп бет си­падық. Ел­басымыз біздің үйге кіріп келгендей, 10 балам мен 14 немеремнің басынан сипағандай толқыдым. Елбасымыздың басты ұста­ны­мы халқымыздың әл-ауқатын үз­діксіз көтеру екендігі болаша­ғы­мыз­дың бекемдігін айғақтайды. Дамуымыздың алдағы кезеңі де жақсылық шарапаттарына толы болатынына сенемін. Ұлық той құт­ты болсын. Көкшеліктер де өзі­нің Тәуелсіздік, Абылай хан, Көкшетау аталатын алаңдарында дүркіретіп думандатуда. Тойы­мыз тойға ұлассын. Жібек ЖҮНІСОВА, «Алтын алқалы» ана. * * * БАТЫС ҚАЗАҚСТАН Президентімізді ұлықтау рәсі­мі өткізілген күн – біздің кә­сіп­орынның өндірістік өміріндегі ай­рықша, есте қалатын күндердің бірі болып қалмақ. Өйткені, дәл осы күні о бастан машиналар жа­сау­ға мамандандырылған біздің зауыт­тың конвейерінен тұңғыш рет қала көшелеріне су сеуіп, жол жуатын арнайы көлік шығарылды. Мәселенің мәнісі мынада. Біз өткен жылы әлемге әйгілі Минск автомобиль зауытымен республи­каның коммуналдық қызметіне қажетті арнайы көліктер шығару жөнінде келісімге келген бола­тын­быз. Оған қажетті бөлшектер мен приборлардың бәрі бізде жа­салады. Әрі оған Беларусь елінен жеткізілген шассилер қон­ды­ры­ла­ды. Ал арнайы көліктің негізгі қаңқасы мен құрылымдарын минс­кілік әріптестеріміз әзірлейді. Коммуналдық қызметтің арна­лары сан-салалы. Оның жықпылы мен ішкі иірімдері аз емес. Ком­муналдық қызмет қажеттілігіне ба­ғытталған арнайы көліктер шы­ға­ру арқылы біз республикада осы са­ладағы реформаның аяғына дейін жетуі үшін оған өз үле­сі­міз­ді қо­су­ды көздеп отырмыз. Қа­зақ­стан, Ресей және Беларусь мемлекеттері ара­сындағы Кедендік одақ оң ықпа­лын тигізгенін де айта кеткім келеді. Ғимран БИСЕНОВ, «Оралагрореммаш» АҚ президенті. * * * ЖАМБЫЛ Мына сәйкестікті қараңыз. Елде сайлау болып, оған жасы бар, жасамысы бар қарапайым халық жаппай қатысып, өз таңдауларын жасап жатқан тұста біздің Шу қа­ласынан «Енисей-Қамқор-1200» атты комбайнның алғашқы да­на­сы құрастырылып бітті. Ел диқан­дары үшін аса қажетті бұл жо­ба­ны «Шу-Локомотив» зауыты кә­сіп­орыны мен Ресейдің Краснояр қаласындағы «Трактор зауыты кон­церні» ЖШС өндірістік ком­па­ниясы қолға алғанын бір ай бұ­рын естігенмін. Енді, міне, адам айтса сенгісіз уақытта келісім-шарт­қа сәйкес алғашқы комбайн дү­ниеге келіп отыр. «Қуаныш бөліссе көбейеді», деген. Сайлауда өзім дауыс берген үміткер бәсекеден дарабоз келіп, ұлықталып жатқан тұста ал­ғаш­қы комбайнның иесі өзім бол­ғанымды риясыз көңілмен бө­ліс­кім келеді. Менің жеке меншік ша­руашылығым Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғы­лыми қызметкерлерімен бірігіп, жаздық арпаның жаңа с­ұ­рып­тарын сынақтан өткізіп, өндіріске енгізу жұмыстарымен жүйелі түр­де айналысуда. Мені егін ша­руашылығы елге танытып отыр. Бүгінде ол ау­дан­ның 3211 гектар алқабын алып жа­тыр. Құдай қа­ла­са, ел ри­зы­ғын енді Елбасын ұлықтау күні сый­лыққа берілген комбайнмен жи­най­тын боламын. Жұмахан ОСПАНОВ, «Нұр-2000» ЖШС директоры. * * * ҚАРАҒАНДЫ Өмірде қуанышқа көбірек бө­лен­генге не жетсін. Сондайда әл­бет­те, мәні мен жөні жағынан бө­лек қуаныштар болатыны анық. Соны біз кеше көрдік. Ол – Ел­басымызды ұлықтау салтанаты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­ба­ев­тың Қазақстан Республикасы Пре­зиденті міндетін атқаруға кірісуі рәсімін алыстағы ауыл аза­маттары – біздердің көңілімізді қатты тол­қыт­ты. Аудандық ор­та­лық кітапханада ардагерлер, мұ­ға­лімдер, оқу­шы­лар ерте басқо­сып, осы бір тамаша рә­сімді теледидардан тікелей көрдік. Елбасын құттықтауға жи­нал­ған ас­та­налық­тардың ду қол ша­па­лақ­тауына қо­сылып біз де Қарқаралыда оты­рып қуанышымызды білдірдік. Мемлекет басшысы алда тұр­ған міндеттерді тұжырымдап ай­тып бер­ді. Сүйікті Қазақста­ны­мызды көп­теген қиындықтардан алып шы­ғып, жаңа жеңістерге жігерлендіруші ұлт жетекшісінің кемеңгерлік бас­шы­лы­ғы мен саяси көреген­ді­гі­нің жемісін көре беретінімізге сенім мол. Біз Ел­ба­сыға қашаннан шексіз сенеміз. Қуа­ныш құтты болсын, әлеумет! Еркін ҚАСЫМЖАНОВ, Қарқаралы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. * * * ҚЫЗЫЛОРДА Кеше Астанада Прези­дент­тің рес­ми түрде қызметіне кірісу рә­сімі өтті. Тәуелсіздік са­райы­нан тартылған тікелей бай­ла­ныс бүкіл республикада көрсе­тіл­ді. Ақме­шіт­тің ақжарқын хал­қы да Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назар­ба­евтың ұл­ық­тау рәсімін теледидардан тама­ша­лады. Қоғамның қозғаушы күші – жас­тар. Оларды мемлекетшілдікке, ұлтжандылыққа тәрбие­лейтін жо­ғары оқу орындары. Міне, со­лар­дың бірі – Қорқыт ата атын­да­ғы Қы­зыл­орда мемлекеттік университеті. Кеше осында студенттер Астанада өт­кен Елбасын ұл­ықтау рә­сімін тікелей эфир арқылы теледидардан тамашалады. Университеттің мәжіліс залы кө­рерменге толып отырды. Осы­нау тарихи күнді тікелей бай­ла­ныс ар­қы­лы тамашалаған оқыту­шы­лар мен студенттер құрамы Ел­басы ант қа­был­даған тұста ерек­ше тебіренді. Ал мемлекеттік Әнұран ор­ын­дал­ғанда зал дүр етіп көте­ріл­ді. Одан кейін Ел­басының сөзін ыждаһатты­лық­пен тыңдап, соңы­нан өз ойлары­мен бөлісті. Қайырбай ЗӘКІРОВ, суретші-график. * * * ҚОСТАНАЙ Мен «Алпамыс» аяқ киім фаб­рикасында қырық жылдан бері еңбек етіп келемін. Институттан кейін жас маман ретінде осы ұж­ы­мның табалдырығын ат­та­ған ед­ім. Содан бергі бүкіл ғұ­мырым осында өтіп келеді. Қазір аяқ киім фабрикасының бас инже­нері бо­лып қызмет істеймін. Ай­тайын де­генім, біздің кәсіп­ор­ын­дағы жұ­мысшы ұжымы талай сайлауды өткізіп келеміз. Өйткені, мұнда өзім сияқты ардагер жұ­мыс­шылар жеткілікті. Кейінгі жыл­дары жастар да келіп жатыр. Сайлау мен инаугурация кезінде оны біз есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырғанбыз. Соның бір белгісін нақты мысалмен ай­тай­ын. Кеше 380 адамдық зауыт ұжымындағы жастар «Нұр Отан» партиясының қатарына өту тура­лы ұсыныс жасады. Біз оларды дереу қолдадық. Сөйтіп, біздің ұжымда көшбасшысы Елбасы бо­лып та­былатын «Нұр Отан» ха­лық­тық-демократиялық партия­сы­ның бас­тауыш ұйымы құрыл­ды. Және ол қай күні дейсіз ғой. Ұлықтау рә­сімі күнінде Прези­ден­тімізді қол­дау­ды, оның саяса­тын жүзеге асы­ру жолы осы деп отырмыз. Анна БЕГА, «Алпамыс» аяқ киім фабрикасының бас инженері. * * * МАҢҒЫСТАУ Инаугурация күні мына жәйт­тер ойыма оралып отыр. Кешегі сайлауда бізде құрылған жастар қанаты өз қатарларына жас мұ­най­шылармен бірге аймақтың сту­­денттері мен жұмысшы жас­та­рын молынан біріктірді. Жарқын сәттердің бірі деп Ш.Есенов ат­ындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг уни­верситетінде «Елбасымен біргеміз» интернет-сайтының ұйым­дас­тырылып ашылуы дер едім. Осы сайлауда сенімді өкіл болдым. Сонда зейнеткерлер жә­не ардагерлермен, ел ағаларымен бірнеше кездесулер өтті. Ол жүз­десулерде Елбасыға деген ха­лық­тың ыстық ықыласы, лебізі, риза­шылық сезімін естудің сәті түсті. 3 сәуір күнгі сайлауда аймақ адам­дарының дауыс беруі 94,2 пайыз­ды құрап, 96,58 пайыз өз дауыс­та­рын Тәу­ел­сіз Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті, әлем таныған тағы­лым­ды тұл­ға Нұрсұлтан На­зар­баевқа берді. Бұл аймақ адам­дарының Ел­ба­сының ерен еңбегін аса жоғары бағалауы мен оның байтақ еліміздегі саяси тұрақ­ты­лық пен эко­но­микамыздың қар­қын­ды даму­ын­да­ғы сарабдал сая­са­тын қызу қол­да­ғандықтың белгісі. Маң­ғыс­таул­ық­тар бүгін ой­дағымыздың орын­дал­ғанына қуа­ныш­ты. Алик АЙДАРБАЕВ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры. * * * ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН “Қазақстанның болашағы жар­қын, тұғыры биік, мәртебесі ас­қақ, эко­номикасының өрлеуі әр­бір отан­­дасымыз үшін маңызды. Біз тағ­дырымызды Назарбаев есімімен байланыстырамыз”, дейді рес­пуб­ликадағы ең іргелі оқу ор­ын­да­ры­ның бірінен саналатын М.Әуе­зов атындағы Оңтүстік Қа­зақстан Мем­­лекеттік универси­те­ті­нің ұжымы. Ер еліне сенсе, елі еріне сеніп отыр. * * * ПАВЛОДАР Президенттік сайлауда жеңіс­ке жеткен Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың халық, ел алдындағы Ант қабылдау рәсімін облыс ор­талығындағы «Достық» үйінде 19 ұлттық мәдени орталықтарының өкілдері басқосып, теледидар арқылы көріп, қолдау білдірдік. Осыдан екі жыл бұрын бұл үйдің ашылу салтанатына Елбасы келіп өзі қатысқан болатын. Жиналған қауым – түрлі ұлт өкілдері біздер Астанада өтіп жатқан еліміз үшін маңызы бар салтанатты рәсімді көру ерекше есте қалатын тарихи күн деп бағалаймыз. Астанадағы салтанатты рәсім­ді көріп болған соң, Мемлекет бас­шысына құттықтау тілек білдірген жиналған қауым бір-бі­рімізді шын жүректен құттықтап, Президентіміздің алдағы жұмыс­та­рына толағай табыстар тіледік. Со­нымен қатар «Жаңғыру» деп ата­латын түрлі ұлт өкілдерінен құ­ралған жастар бірлестігі пат­ри­оттық асқақ әуенді әндерден шашу шашып, жиылған жұрттың көңіл­де­рін одан сайын көтере түсті. Оксана МАРТЕНОВСКАЯ, Болгар этномәдени орталығының жетекшісі. * * * СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН Біздің кәсіпорын үш жылдан бері темір жол саласына вагондар шығару ісімен тұрақты түрде ай­налысып келеді. Осы мерзім ішінде вагонның төрт түрі игеріліп, сы­нақ­тан ойдағыдай өтті. Тұтыну­шыларға 600 вагон жөнелттік. «ЗИКСТО» АҚ облыстағы жетекші мәшине жасау кәсіп­ор­ын­дары арасында көш бастап ин­дустриялық дамудың жаңа ба­ғыт­т­арын тынбай іздестіріп келеді. Біз әр мерекені лайықты табыс­тармен қарсы алуды дәстүрге ай­налдырғанбыз. Президенттің кезектен тыс сайлауында бір ау­ыз­дан Елбасыға дауыс берген ұжым мүшелері ұлықтау рәсімі күні аса ұйымшылдықпен жұмыс істеп, кезектен тыс 160-шы жүк ваго­нын құрастырып шығарды. Ал­да­ғы межеміз тіпті зор. Жыл аяғына дейін 600 вагон шығаруды жоспарлап отырмыз. Өндірісті жаң­ғыр­ту бағытындағы қарышты қа­дам­дар жалғаса беретіні күмәнсіз. Владимир ШУМАКОВ, «ЗИКСТО» АҚ бас директорының орынбасары. * * * ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН Инаугурация салтанатын об­лыс­тың барлық қалалары мен аудан­дарында тұратын еңбек адамдары теледидардан тамашалады, түрлі мәдени шараларды өткізді. Бұдан басқа, облыс орталығындағы Шы­ғыс Қазақстан мемлекеттік және техникалық университеттерінің кең фойесінде «Біз Елбасымен біргеміз!» деген тақырыпта студенттермен әңгіме өткізіліп, дәл сол жерде орнатылған үлкен теледидардан инау­гурация салтана­тын­дағы Президент сөзі ынта қоя тыңдалды. Сондай бір жиын облыстағы өзім басқарып отырған баспахана «Рекламный Дайджест» ұжы­мын­да болып өтті. Бұл баспа өндірісі қазір жиырмаға тарта рес­пуб­ли­калық, облыстық, қала­лық және аудандық газеттерді ба­сып шыға­руда. Біздің ұжым Ел­ба­сын ұлық­тау рәсімін басынан аяғына дейін зейін қоя көріп, өз риза­шы­лық­тарын білдірді. Еліміз тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы Кенді Алтайдың экономикасын алға бас­­тыртып, тоқтап қалған талай кә­сіп­орындарға жан бітірткізді. Ол­ар Өс­кемен титан-магний ком­би­наты, «Казцинк» ЖШС, Үл­бі металлургия зауыты. Ел­ба­сы­ның ос­ындай ерен ісі бізге жігер береді. Қайрат МУСИН, «Рекламный Дайджест» баспаханасының директоры.