• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2011

«Мұндай сайлауды бұрын көрген жоқ едік»

378 рет
көрсетілді

Челябі облысынан келген байқаушылар осылай мәлімдеді Облыста сырттан келген байқаушылар журналистер үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Бұрын жаз­­ғанымыздай, Қостанай об­лы­сы­на көрші Челябі об­лысынан 21 бай­қау­шы келген бола­тын. Олардың бар­лы­ғы да облыс ор­талығы мен аудан­дардағы сайлау учаскелерін­де болды. – Сайлау күні байқаушылар 200-ден аса сай­лау учаскелерін аралап көрдік. Солардың бар­лығында да түске дейін сайлаушылар дауыс беру бюллетенін алып, кабинаға кіру үшін кезекке тұр­ғаны, дауыс беруге адамдардың жауапкершілікпен, шынайылықпен қарағаны бізді таңғалдырды. Біз Қазақстандағы сайлауларға бұрын да бай­қаушы ретінде қатысқанбыз, Ресейде де сайлау өткізіп жүр­міз, бірақ мұндай сайлау көрмеген едік,–деп мә­лімдеді байқаушыларды бастап келген Челябі облысы әкімшілігінің аймақтармен қарым-қатынас жөніндегі басқармасының бас­тығы Виталий Шиков. Байқаушылар кабинаға екі адамнан кір­ген­дердің болғанын айтты. Бірақ оны да өздері «ереже бұзуға жатқызуға болмас» деп түзеді. Өйткені, сайлауға келген қарияларға көмек керек бол­ғандықтан, олардың өтініші бойынша баласы немесе немересі кабинаға бірге кірген жағдайлар кездескен. Сонымен қатар, ресейлік байқаушылар сайлауға дайындықты да жоғары бағалады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.