Қазақстан Республикасының Президенті билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу туралы халыққа Үндеуінде: «Халықаралық тәжірибе шеңберінде іс-қимылдар жасайтын мәселелер бола тұрса да, біз өзіміздің, кейде ерекше шешімдерімізді таба отырып, мемлекеттік құрылыстың бөгде модельдерін көшіріп алумен ешқашан айналысқан емеспіз», – деген еді.
Расында да, Қазақстан өзінің ешкімге ұқсамайтын ерекше жолымен жүріп келеді және қазіргі таңда әлемде «Қазақстан жолы» дамудың әмбебап және ілгері моделі ретінде мойындалған. Тәуелсіздіктің өткен 25 жылы ішінде Қазақстан Республикасы үлкен жетістіктерге қол жеткізді және жаңадан тәуелсіздігін алған елдердің ішінде ең бір орнықты мемлекетке айналды. Халықаралық сарапшылардың және әлемнің жетекші елдері лидерлерінің ортақ ой-пікірі негізінен: «реформа жүргізудегі қазақстандық тәжірибе табысқа және жетістікке ие» дегенге саяды, сондай-ақ, олардың тарапынан айрықша бағаланып келеді.
Қазақстанда мықты президенттік республиканың қалыптасуы, ең алдымен, кемел ойлы, әлемге танымал және заман ағымына сай батыл қадам жасай білетін Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасымен тікелей байланыстырылады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістігі, бірінші кезекте, республикадағы саяси жағдай, Қазақстан халқының ментальды және психологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып жүргізілген басты реформаларды жүзеге асырудағы ерен еңбегімен тамырласып жатыр.
Осы жолы да Қазақстан Президенті билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлуге қатысты қоғам алдына күрделі міндет қойып отыр. Бұл міндет екі негізгі бағыт бойынша іске асуы тиіс. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн. Екіншіден, одан да күрделі міндет – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету».
Реформа бағдарламасының қабылдануы Қазақстанның өзінің «қазақстандық жолы» арқылы демократиялық дамуға қарай сенімді түрде одан әрі қадам басып келе жатқанына тағы да көз жеткізе түседі.
Николай СТЕПАНЕНКО,
Украина-Қазақстан қатынастары
мемлекетаралық институтының директоры