• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары

322 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы К.Қ. Мәсімовті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының  Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы   сәуірдің 8-і.      № 4. ________________________________________ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының  1-тар­мағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жа­ңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызме­ті­не кіріскен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкі­меті­нің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 8-і.      № 1 ________________________________________ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын  және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 8-і.      № 2 ________________________________________ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының  5-тар­ма­ғына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін: 1. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 8-і.      № 3