Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП фракциясының алқа отырысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бюро отырысына қатысты.
Отырыстағы кеңесуден кейін Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына К.Мәсімовтің кандидатурасын тағайындау жөніндегі ұсынысы бірауыздан қолдау тапты.
Қорытындысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабына сәйкес келісім алу үшін аталған ұсынысты Мәжілістің жалпы отырысының қарауына енгізу туралы шешім қабылданды.
«Егемен-ақпарат».