• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2011

Ықыласты құттықтаулар, ізгі тілектер

2011 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­­тың атына мемлекет, үкімет басшы­ла­ры­нан, халық­ара­лық ұйым­дар­дың жетекші­ле­рінен сайлаудағы жеңісіне бай­ла­нысты құттықтаулар келіп түсуде

* * *

Германия Федеративті Республикасының Федералды канцлері Ангела Меркель Нұр­сұл­тан Назарбаевты Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Президенті болып қайта сайлануы­мен шын жүректен құттықтады. Құттық­тауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Сізді Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға орай шын жүректен құттықтаймын. Мен Сізге  жауапты қызметіңіздің жалғасында үлкен жетістіктер мен сәттілік тілеймін. Мен өткен жылдың шілде және желтоқсан айларында Астанаға жасаған сапарларым кезінде арамызда болған қызықты әңгімелерді қуана еске аламын. Сізге көрсеткен қонақжайлығыңыз үшін тағы бір рет алғысымды білдіргім келеді.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңі­сімен Еуропалық Комиссияның Президенті Жозе Мануэль Дюрао Баррозу құттықтады. Құт­тық­тауда былай делінген: Менің Сізді Қазақстан Республикасының Пре­зидентіне қайта сайлануыңызбен құттық­тағым келеді. Еуропалық Комиссия ЕО-мен Сіздің еліңіздің қарым-қатынастарын жалғастыруды және кеңей­туді асыға күтеді. Біз елде жалғасып жатқан экономикалық және саяси реформалардың аясында одан кейінгі ынтымақтастыққа да дайынбыз.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевты сайлаудағы сенімді жеңісімен Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Владимир Путин құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Дауыс беру нәтижесі Сіздің Қазақстан халқы алдындағы жоғары беделіңізді толықтай дәлел­деді. Мемлекеттің құрылуында тамаша жеңістер, сезіліп отырған экономикалық ілгерілеушілік және Қазақстан Республикасының тәуелсіз даму жылдарында қол жеткізілген азаматтардың өмір сүру жағдайының жақсаруы Сіздің атыңызбен тікелей байланысты.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты Нидерланд Корольдігінің Премьер-ми­нис­трі Марк Рютте сайлаудағы сенімді же­ңі­сімен құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Жоғары мәртебелі, Сіздің Қазақстан Президенті болып қайта сайлануыңызға орай ұлық­талуыңызбен құттық­тауға рұқсат етіңіз. Мен біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас сын­дар­­лы және өзара тиімді сипатта болатынына сенімдімін. Мен Сізге алдағы тұрған барлық міндеттер мен ығыттарды шешуде сәттілік, сондай-ақ көптеген салалардағы Сіздің еліңіздің әл-ауқатының артуын тілеймін. Мен 2010 жылдың желтоқсан айында Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінде негізі қаланған Қазақстан мен Нидерланд арасындағы қарым-қатынас тереңдей түседі деп сенемін.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты Иордания Хашимит Корольдігінің Королі Абдалла ІІ ибн әл-Хусейн сайлаудағы тамаша жеңісімен құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Жоғары мәртебелі, Сізді шын жүрегімнен Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті болып қайта сайла­нуы­ңызбен құттықтауға рұхсат етіңіз. Біз болашақта бауырлас халықтарымыз ара­сын­дағы қарым-қатынасты дамытып, екі елдің ортақ мүдделерін қанағаттандыруға бағыт­тал­ған әртүрлі салалар­дағы екіжақты ынты­мақ­тас­тықты нығайтуға деген талпынысымызды қуаттаймыз.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты сайлаудағы тамаша жеңісімен Түркі­мен­стан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға орай шын жү­ректен жолдаған құттықтауымды қабыл алыңыз. Елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы дәстүрге айналған достық қарым-қатынас, соны­мен қатар, Түркіменстан мен Қазақтан Рес­пуб­ликасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық болашақта да ұдайы дамып және бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін нығая түседі деп сенемін.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты Финляндия Республикасының Президенті Тарья Халонен президенттік сайлаудағы се­нім­ді жеңісімен құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза! Финляндия мен Қазақстан арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Біз болашақта да ынтымақтастығымызды нығайта түсеміз деп үміттенемін. Сондай-ақ Сізге Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінде қабылданған декларация рухында алға қойған мақсаттарыңызға жетуіңізге тілектеспін. Қазақстан Республикасының Президенті қызметінде Сізге үлкен жетістіктер тілеймін.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Австрия Республикасының Федералды Президенті Хайнц Фишер құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Мен Сізге Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға орай шын жүректен құттықтау жолдауға қуаныштымын. Мен Сізге реформалау және қайта жаңғырту жобаларының ең жақсы жолмен жүзеге асыры­луын тілеймін. Мен сондай-ақ Сізге Қазақстаннан тыс аумақта да тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесіңіз үшін алғысымды білдіргім келеді.