• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2011

Екінші мәрте сенім көрсетілді

410 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы оты­ры­сында сөз сөйлеп, Парламент Мәжілісінің қарауына Қа­зақстан Республикасы Премьер-Министрінің лауазы­мы­на кандидатураны ұсынды. – Қазақстандықтар өткен сайлауға, осы жылдар ішінде сіздермен бірге атқарған бар­лық жұмыстарымызға жоғары баға берді. Сайлаудағы жеңіске дәл сайлау күні қол жеткізілмейді. Оған сайлаудан әлде­қай­да бұрын, барлық істер мен қорытындылар арқылы және біздің халыққа деген көз­қа­ра­сы­мыз арқылы қол жеткізіледі. Нақ осы арқылы, – деді Президент, – сайлаудың нәтижелері халқымыздың ұйымшыл­ды­ғын, көпұлтты Қазақстанның бірлігін және біз ұстанған, мен басшылық етіп келе жатқан бағытты қолдайтынын тағы да көрсетіп берді. Енді біз менің Жолдауымда жарияланған, «Нұр Отан» партиясының съезінде сөйлеген сөзімде белгіленген міндеттер төңірегінде топтасуымыз керек. Бұл ин­дус­триялық-инновациялық бағ­дарлама, өте қиын әрі ауыр міндет. Мен оны тәуелсіздікті нығайту сияқты аса қиын міндет ретінде атадым, өйткені, болашақ үшін, қазақстан­дық­тар­дың келешек ұрпағы үшін бұған көп нәрсе байланысты. Мен халқымыз өте жақсы қа­былдаған әлеуметтік жаңғырту туралы баяндадым. Біз өзге көп мемлекеттер жасамайтын немесе жасай алмайтынды жа­саудамыз. Алда біз осы міндеттерді орындайтын боламыз. Біз бұл кешенді бағдарламаны бар­лық бағыттар бойынша жүзеге асыруымыз керек. Ин­дус­триялық та, әлеуметтік те бағытта, ауыл шаруашылығы, білім, ғылым салаларында да. Сондықтан, біздің Консти­ту­ция­мызға сәйкес мен Үкі­ме­ті­міздің басшысын тағайындауға келісім алу үшін келдім. Мен Үкіметтің отставкасы туралы құжатты алдым. Конституция осылай дейді. Президентті сай­лағаннан кейін Үкімет әкім­дер сияқты өз өкілеттігін тоқтатады. Парламент сай­лау­ында жеңіске жеткен партия фракциясы кандидатураны ұсы­нады, Мәжіліс бұған келісімін береді. Елбасы келесі кезекте бұл мүлде жаңа демократиялық нор­ма екенін атап көрсетті. Конституция бізден осыны талап ететіндіктен, біз оны мүл­тік­сіз орындауға тиіспіз. Біз индустриялық бағдарлама­мыз­ды және мен белгілеп берген барлық бағдарламаларды жү­зе­ге асырудың осындай өтпелі кезеңінде тұрғанымызды ескерсек, қазіргі Үкімет өте жұ­мы­ла жұмыс жасады және бүкіл әлемде орын алған дағдарысты еңсеру бағытында біздің бәрі­міздің көмегімізбен, шұғыл жағ­дайда заңдар қабылдаған Парламент депутаттарының көмегімен көп іс тындырды. Біз дағдарысты жеңдік. Бұл – факт. Әлемде ешкім әлі де мұның жақын арада қайталанбайтынына кепілдік бере алмайды. Турасын айтқанда, бұл орайда қуантарлықтай ал­ғы­шарттар жоқ, деп жалғады сөзін Мемлекет басшысы. Үкімет, Конституцияның 1-ба­бының 70-тармағына сәйкес, өкі­лет­тігін тоқтатты. Мен отстав­ка­ны қабылдап алдым және оларға бұл жұмысты Үкіметтің толық құрамы жасақталғанша жалғас­ты­руды тапсырдым. Конститу­ция­ның 44-бабына сәйкес, Президент келісім алу үшін Парламент Мәжілісінің қа­рауына Премьер-Министрдің кан­дидатурасын ұсы­нады. Оның алдында Мәжі­лістегі саяси пар­тия­лардың фрак­цияларымен ке­ңес өткізеді. Палата басшылы­ғымен және бюро мүшелерімен, сонымен қатар, біздің партиялық фракциямен мұндай кеңесті мен жаңа ғана өткіздім. Енді осыдан кейін, деп сабақ­тады сөзін Президент, сіздердің, Парламенттің қарауына келісім беру үшін Қазақстан Республи­касы Премьер-Министрі лауазы­мы­на Кәрім Қажымқанұлы Мәсі­мовтің кандидатурасын тағайын­дау жөнінде ұсыныс енгізіп отыр­мын. Алдында айтқанымдай, ол бұл қызметте өзінің міндеттерін кәсіпқойлықпен атқара алатын, өз әріптестерінің қоян-қолтық жұмысын шебер ұйымдастыра алатын адам ретінде көрсетті. Бұл кандидатура бүгінгі күн үшін және біздің Үкіметтің тиімді жұмысы үшін мейлінше лай­ық­ты деп санаймын. Оған Үкі­мет­тің нақ осы құрамы жасаған бағдарламаларды орындауды тап­сыруымыз үшін де бұл кандидатура лайық. Сондықтан, еліміз Конституциясының 56-бабына сәй­кес, Мәжілістен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Премьер-Министрі лауазымына Кәрім Қа­жым­қанұлы Мәсімовтің кандидатура­сын та­ғайындауға келісім беруді сұраймын, деді Президент. Талқылаудан соң Парламент Мәжілісі депутаттарының дауыс беру рәсімі өтті. Қатысып отыр­ған 104 депутаттың 104-і Қазақ­станның Премьер-Министрі лау­а­­зы­мына К.Қ. Мәсімовті та­ғай­ын­дауға келісуді қолдап дауыс берді. – Мен Мемлекет басшы­сының, Президенттің еңбегі қан­дай екенін білемін. Бұл – ауыр жұмыс. Мен осы жылдар ішінде Қазақстанның барлық түпкір-түпкірін араладым. Мен болмаған аудандар мен ауыл­дар жоқ шығар. Мен шаруа­ның, жұмысшының, жас адам­ның, студенттің, ғалымның жан-дүниесін түсінуге тыры­са­мын. Осы ретте, ең бастысы, әрине, зейнетақы мәселесі, ең­бекақы мен әлеуметтік төлем­дер, сондай-ақ тұрақтылық, тыныштық, біздің адамдары­мыздың ертеңгі күнге деген сенімі. Әлемде не болып жат­қанын көріп отырып, мен біздің қазақстандықтардың ана­ғұр­лым топтаса түскенін байқай­мын. Қазақстандықтар барлы­ғы­ның алдында, бір-бірінің ал­дында өздерінің даналығын, өздерінің зор жауапкершілік сезімдерін көрсетті. Міне, ең бастысы осы. Егер осындай ауызбірлік әрдайым болатын болса, бізде басқаның бәрі бар. Бізде міндеттерді жүзеге асыру үшін қаржы бар, бізде жұмыс істей алатын, басқара алатын адамдар бар. Бізде халықты болашаққа бастай білетін жаңа бизнес, менеджерлер бар. Ең бастысы – тұрақтылықты сақ­тау, сонда ғана игілікке қол жеткіземіз, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Республикасы­ның Премьер-Министрі К. Мә­сі­мов Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевқа зор сенім білдіргені үшін алғысын айтты. – Бұл – мен үшін Сіздің командаңызда болудың тағы бір мүмкіндігі. Сізге рахмет, мен Сіздің сеніміңізден шы­ғамын. 2007 жылдың қаңтар айында Сіз мені алғаш рет Премьер-Министр етіп та­ғайын­дадыңыз. Сол кезде мен Парламент депутаттарының ал­дында мінберде тұрып, қан­дай қызметте болсам да мен Сіздің әрдайым сенімді көмек­шіңіз боламын деп айтқан едім. Нұрсұлтан Әбішұлы, мен бүгін тағы да қайталаймын, мен бұрынғысынша Сізге кө­мекшімін және шәкіртпін. Мен Қазақстанды дамыту жолын­дағы үлкен істерге қатысуға Сіздің сенім білдіргеніңіз үшін ерекше қуаныштымын, – деді К. Мәсімов. Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев жаңа Үкімет мүшелерін тағайындау мәсе­лесі келесі аптада шешімін табатынын атап өтті. Президент депутаттар мен барша қазақстандықтарға президенттік сайлауда қолдау көрсет­кендері үшін тағы да алғысын білдірді және бұл ортақ жеңіс қазақстандықтарды топтасты­рып, болашаққа деген үмітін оятатынын атап өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.