• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 127

584 рет
көрсетілді

2011 жылғы 11 ақпан, Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасын бекіту туралы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы 20-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 20-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу тәртібін белгілейді. 2.Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау (бұдан әрі – ұйымдарды аттестаттау) олардың негізгі қызметінің тиімділігін бағалау және материалдық, еңбек және қаржы көздерін ұтымды пайдалану, осы негізде олардың желілері мен құрылымдарын ретке келтіру үшін өткізіледі. 3.Ұйымдарды аттестаттауды: 1) республикалық маңызы бар ұйымдарды – мәдениет саласындағы уәкілетті орган; 2) жергілікті маңызы бар ұйымдарды – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) өткізеді. Ұйымдарды аттестаттауды өткізу үшін мәдениет саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) аттестаттау комиссиясын (бұдан әрі – Комиссия) құрады. 4. Комиссияның құрамы мен ережесін тиісті мемлекеттік орган бекітеді. 2. Ұйымдарды аттестаттауды жүргізу тәртібі 5. Ұйымдарды олардың саласы бойынша жүзеге асырылатын аттестаттау кезінде мынадай көрсеткіштер бағаланады: 1) ұйымның өндірістік-шығармашылық және қаржылық қызметі: ұйымның жарғыға (ережеге) сәйкес қызмет етуі; қызмет саласы бойынша ұйымдармен ынты­мақтастықты жүзеге асыруы; ұйым қызметкерлерінің кезеңдік дайындығы мен біліктілігін арттыру; материалдық, еңбек және қаржы көздерін ұтымды пайдалану; 2) ұйымның әкімшілік-басқару қызметі: ұйым қызметкерлерінің кәсіби құрамы; мемлекеттік мәдениет ұйымдары қыз­мет­керлерін аттестаттау нәтижелері туралы мә­лі­­меттер; 3) ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі: ұйымның материалдық база­сының жай-күйі актілер; ұйымның тех­никалық жабдықтарының жұмыс істеуі. 6. Ұйымдарды аттестаттауды өткізу кестесін (бұдан әрі - кесте) мемлекеттік орган 15 қаңтарға дейін ағымдағы күнтізбелік жылға бекітеді және аттестаттауды өткізуге дейін үш айдан кешіктірмей ұйымдардың назарына жеткізеді. 7. Кестеге сәйкес аттестатталуға тиіс ұйымдар аттестаттау басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік ор­ганға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) ұйымның өндірістік-шығармашылық және қаржылық қызметінің нәтижелері ту­ралы анықтама (талдау анықтамасы және қаржылық есеп); 2) ұйымның әкімшілік-басқару қызметі туралы құжаттардың көшірмелері (бұйрық­тар, шарттар); 3) ұйым қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты, диплом бойынша мамандығы, жалпы еңбек өтілі (соның ішінде осы ұй­ымдағы), сондай-ақ біліктілігін арттыру және аттестаттаудан өтуі жөніндегі мәліметтер көрсетілген кәсіби құрамы туралы анықтама; 4) ұйымның материалдық-техникалық қам­тамасыз етілуі туралы анықтама. Құжаттарға ұйымның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қоя­ды және мөрмен бекітеді. 8. Барлық мемлекеттік мәдениет ұйым­дары бес жылда бір рет аттестаттаудан өткізіледі. 9. Мемлекеттік орган ұсынған құжаттар негізінде Комиссия үйымдарды аттестат­тауды кестеге сәйкес әрбір ұйым үшін жеті жұмыс күні ішінде өткізеді. 10. Ұйымдарды аттестаттау нәтижелері бойынша екі жұмыс күн ішінде мемлекеттік органға жолданатын және Комиссия мүше­лері қол қойған оң немесе теріс қорытынды ресімделеді. 11.Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатқа ие. 12. Комиссияның ұйымды аттестаттамау туралы теріс қорытындысына мыналар негіз болады: 1) ұйымның тиісті жылға арналған өндірістік-шығармашылық жоспарды орын­дамауы; 2) әкімшілік-басқару және қаржы қыз­метін жүргізу кезінде Қазақстан Республи­касының заңнамасын және ұйының жарғы­сын (ережесін) сақтамауы; 3) қызметкерлер құрамындағы кәсіптік сәйкессіздіктің анықталуы; 4) ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің қанағаттанғысыз жағ­дайы­ның анықталуы. 13. Мемлекеттік орган Комиссияның шешімін алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде: 1) оң қорытынды болған жағдайда – «аттестаттау»; 2) теріс қорытынды болған жағдайда – «аттестаттамау» туралы шешім қабылдайды. 14. Аттестаттаудан өтпеген ұйым қайта аттестатталуға жатады. Комиссияның қоры­тындысына сәйкес анықталған кемшіліктерді ұйым мемлекеттік орган шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде жояды. 15. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткізілген күннен бастап алты ай өткен соң осы Қағидада белгіленген тәртіппен өткізіледі. 16. «Аттестатталсын» деген шешімді ұйым­ның кемшіліктерді жоюы бойынша Комиссияның оң қорытындысы болған кезде мемлекеттік орган қабылдайды. 17.Ұйым кемшіліктерді жоймаған жағ­дайда Комиссия қайтадан теріс қорытынды ресімдейді және Қазақстан Республи­ка­сының заңнамасына сәйкес жүктелген міндеттемелерін орын­да­мағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін басшыны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мемлекеттік органға ұсыныс енгізеді. 18. Мемлекеттік орган Комиссияның ұсынысы негізінде Қазақстан Респуб­лика­сының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті шешім қабылдайды. 19. Аттестатталмаған ұйым мемлекеттік органның қайта аттестаттаудан өтпегені тура­лы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл өткен соң осы Қағидада белгіленген тәртіппен кезекті аттестатталуға жатады. 3. Қорытынды ережелер 20. Комиссия өз қызметін мемлекеттік орган шешімінің негізінде тоқтатады. 21. Мемлекеттік орган аттестаттамаған ұйымдар Қазақстан Республикасының заңна­масында белгіленген тәртіппен аттестат­тал­мағаны туралы шешімге шағым беруге құқылы. 22. Аттестатталған және аттестатталмаған ұй­ымдар туралы ақпарат тиісті мемлекеттік ор­ган­ның интернет-ресурстарына орналас­ты­ры­лады.