• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 36

586 рет
көрсетілді

2011 жылғы 27 қаңтар, Астана, Үкімет Үйі Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жүмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі ең аз қазақстандық қамтуды есептеу қағидасын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 59) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі ең аз қазақстаңдық қамтуды есептеу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі     К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №36 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі ең аз қазақстандық қамтуды есептеу қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі опера­цияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыс­тардағы және қызметтердегі ең аз қазақстандық қамтуды есептеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі ең аз қазақстандық қамтуды есептеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидада Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғым пайдаланылады: пайдалы қазбалар топтары – қатты пайдалы қазбалар, көмірсутекті шикізат және жалпы таралған пайдалы қазбалар. 2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі ең аз қазақстандық қамтуды есептеу тәртібі 3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі ең аз қазақстандық қамтуды есептеуді жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізу кезінде құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. 4. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс шарттарына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі опера­ция­ларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыс­тардағы және қызметтердегі ең аз қазақстандық қамтуды есептеу үшін пайдалы қазбалар топтары бойынша бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткізу жы­лының алдындағы жылға жұмыс істеп түрған жер қойнауын пайдаланушылардың тауарла­рын­дағы, жұмыстарындағы және қызмет­терін­дегі қазақстандық қамтудың нақты үлесі бойынша деректерді пайдаланады. 5.Құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі опера­цияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыс­тардағы және қызметтердегі ең аз қазақстандық қамтуды келесі формула бойынша есептейді: мұндағы: КСmin – жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына негізделетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі ең аз қазақстандық қамту; Рі — жер қойнауын пайдалану құқығын беруге пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізілетін жыл алдындағы і-ші жер қойнауын пайдаланушының тауарларды немесе жұмыстарды және қызметтерді сатып алу көлемі, мың теңге; КСі – жер қойнауын пайдалану құқығын беруге пайдалы қазбалар тобына Сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізілетін жыл алдындағы і-ші жер қойнауын пайдаланушының тауарла­рын­дағы немесе жұмысындағы және қызметіндегі қазақстандық қамтудың нақты үлесі; n - есептеуде пайдаланылатын жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны. 6. Жергілікті атқарушы орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауар­лардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі ең аз қазақстандық қамтуды келесі формула бойынша есептейді: тауарлар бойынша: КСmin=РобщхО,16 жұмыстар мен қызметтер бойынша: КСmin=Робщх0,16 мұндағы: KCmin- жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына негізделетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі ең аз қазақстандық қамту, мың теңге; Робщ жер қойнауын пайдалану құқығын беруге пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының тауарларды немесе жұмыс­тарды және қызметтерді сатып алуының жалпы көлемі, мың теңге. 7. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс жүргізу жөніндегі комиссия Заңның 53-бабының 1-тармағының 2) тармақ­шасында көзделген жер қойнауын пайдалануға құқық беруге конкурс жүргізу өтпеді деп таныған кезде, Заңның 47-бабының 2-тар­мағының 7) тармақшасында көзделген барлық ұсы­нылған конкурстық ұсынымдардың сәйкес келмеу себебі бойынша құзыретті орган немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Заңның 54-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен осы Қағидада көзделген тәртіппен есептелген тауарлардағы, жұмыстар мен қызмет­тердегі ең аз қазақстандық қамту көлемін жиырма бес пайызға азайту бөлігінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге құқылы.