• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2011

Ықыласты құттықтаулар, ізгі тілектер

742 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На­зар­­баев­­тың атына мемлекет, үкімет бас­шы­ла­ры­нан, халық­ара­лық ұйым­дар­дың жетекші­ле­рінен сайлаудағы жеңісіне бай­ла­нысты құттықтаулар келіп түсуде. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты сайлаудағы тамаша жеңісімен Венгрия Рес­пу­бликасының Президенті Пал Шмидт құт­тық­тады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Сізді Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Мен болашақта Қазақстан аймақтық қауіп­сіздік пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болуды жалғастыра береді деп сенемін. Сіздің басшылығыңызбен елдеріміз арасындағы екіжақты ын­тымақтастық алдағы уақытта да дами түседі деп сенемін және мен ынтымақтастығымыз жемісті болуы үшін барлық күш-жігерімді салуға дайынмын.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Болгария Республикасының Президенті Георги Пырванов құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Сіздің айырықша жеңіспен Қазақстан Респуб­ликасының Президенті болып қайта сайлануы­ңыз­ға орай менің шын жүректен жолдаған құт­тық­тауымды қабыл алуыңызды өтінемін, Сізге денсаулық, сәттілік пен Сіздің жауапты қыз­метіңізде жаңа жетістіктер тілеймін. Әлемдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті мүдде еткен екі ел хал­қы­ның игілігіне Болгария Республикасы мен Қазақстан Респуб­ли­касы арасындағы ынтымақтастық тереңдей түсуі үшін біздің арамызда орнаған жақсы байланыс пен достық, сонымен қатар, бірлескен қызмет болашақта да маңызды болады деген сенімімді жеткізгім келеді.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Ислам Конференциясы Ұйымының Бас хат­шы­сы Экмеледдин Ихсаноглу құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза! Сіздің Президент қызметіне қайта сай­ла­нуы­ңызға байланысты, Жоғары Мәртебелі, Сізге өз елін саяси және экономикалық реформалар жолы­мен алып келе жатқан басшы ретінде Сізге көрсе­тілген Қазақстан халқының сеніміне байланысты өзімнің шынайы құттықтауымды жолдағым келеді. Жоғары Мәртебелі, Сіздің даналығыңыз бен тәжірибеңіз Өзіңізге Қазақстан халқының келешекте әлеуметтік-экономикалық даму мен гүлдену, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің биік болуына деген ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндіктер беретініне сенемін. Қазақстан Республикасы мен Ислам Конференциясы Ұйымы арасындағы қарым-қатынастардың дамуы тұрақтылық сипатымен ерекшеленеді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Сізге өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі дами беретіндігіне өзімнің сенімімді, ниетімді білдіргім келеді.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты Хорватия Республикасының Президенті Иво Йосипович сайлаудағы тамаша жеңісімен құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Сіздің достас Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға орай Сізді бүкіл Хорватия Республикасы азамат­тарының атынан және өз атымнан шын жүректен құт­тықтағым келеді. Осы жауапты қызметте еліңіз бен барлық ел азаматтарының жақсы өмір сүруі үшін ортақ ілгерілеушілікке жетудегі Сіздің жұмысыңызға барынша жетістіктер тілеймін. Мен болашақта да біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты ойдағыдай жалғастыра аламыз деп үміттенемін және соған сенемін. Меніңше, Хорватия мен Қазақстан арасындағы перс­пективалық ынтымақтастық қарым-қатынастарымызды тереңдете түсу үшін оны қосымша мазмұнды бастамалармен толықтырып, жаңа саяси серпін беру қажет деп есептеймін.   Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы   сенімді же­ңі­сімен Польша Республикасының Президенті Бронислав Комаровский құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Қазақстан  Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызбен құттықтауға  рұқ­­сат етіңіз. Польша   Қазақстан  Республикасының   соң­ғы жылдардағы  жан-жақты  дамуын  айрықша   ықыласпен  бақылап   отыр және  былтыр ЕҚЫҰ-дағы төраға­лық­пен  мазмұндалған Сіздің еліңіздің   халықаралық   сахнадағы  өсіп отырған   белсенділігін  қанағаттанарлықпен атап   көрсетеді. Біздің екіжақты  қарым-қатынастарымыздың  қарқыны  арта түседі деген  үміттеміз.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Пәкстан Ислам Республикасының Президенті Асиф Әли Зардари құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Жоғары мәртебелі, Сіздің көшбасшылығыңызбен Қазақстан биік белестерге жетті. Сіздің жеңісіңіз – Сіздің басшылығыңыздағы елдің, Қазақстан халқының зор сенімінің көрінісі. Пәкстан Қазақстанмен екі жақты қарым-қатынастарына үлкен мән береді. Мен біздің елдеріміз арасындағы достық байланыстардың одан әрі де тек нығая түсетініне сенемін.   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Ирак Республикасының Президенті Джаляль Та­лабани құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Сайлау қорытындысы Сіздің басшылы­ғы­ңыз­бен елдегі қол жеткізілген әлеуметтік-эконо­микалық және мәдени жетістіктерге Қазақстан халқының берген жоғары бағасы деп есептейміз. Біз халықтарымыздың ізгілігі мен мүддесі үшін екі ел арасындағы мәдени, экономикалық және саяси салалардағы қарым-қатынасты кеңейтуге дайын екендігімізді қуаттағымыз келеді.