• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2011

Ұлттық сана ұраншысы

1132 рет
көрсетілді

Таяуда ғана елімізде ересен оқиға болып өтті: Қазақстан халқы кезектен тыс президенттік сайлауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекет тізгінін алдағы бес жылға ұстатты. Тұңғыш Президентке сайлауға қатысушылардың 95,55 пайызы қолдау білдірді. Бұл – ерекше сенім, бөлекше құрмет. Бұл – біздің ұлттық санамыздың салтанаты, баршамыз бағындырған биіктік. Бұл биікке біз қалай қол жеткіздік? Танымал қайраткер, белгілі қаламгер Қуаныш Сұлтанов өз мақаласында осы жайында кеңінен ой толғайды. Кеңес Одағы ыдырап, одақтық билік құ­ла­ған­нан кейін бүкіл кеңістікті дағдарыс жай­ла­ды. Одан Қазақстан да шет қала алмады. Өйт­кені, барлық мемлекеттік құрылымдар одақтық биліктің қолында болды. Қаржы, басқа сала­лық министрліктер де солай болды. Қазақ­стан­дағы өнеркәсіп өнімдерін шығаратын кәсіп­орындар түгелдей Одақ көлеміндегі басқа рес­пуб­ликалардағы зауыт, фабрикалармен бай­ла­нысты жүйеде болды. Олар бірінсіз бірі өнімді толық шығара алмайтын, бір-біріне тәуелді болатын. Өндіріс тоқтады. Не тұтыныс тауары жоқ, не қаржы жоқ. Ақша құнсызданып, инфляция ше­гіне жетті. Елді жаппай жұмыс­сыз­дық жайлады. Міне, осындай күйреу жағдайында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жаңа дәуірдегі Жаңа Қазақстан мем­ле­кеті­нің негізін қалыптас­тырып, іргетасын қа­лап, қабырғасын тұрғызу ісін қолына алып, өзі­не зор жауапкершілік артты. Елімізде орнық­қан көп ұлттың, көп діннің басын біріктіріп, татулық орнатып, қоғамдық келісімге келтіріп, тәуелсіз мемлекет мүддесіне жұмылдыра білді. Президент өзі бастап, мемлекеттік аппа­рат­ты, дүние жүзіндегі ежелгі қуатты мемлекеттер тәжіри­белерін зерттеп, олардан біздің жас мем­ле­кетіміздің құрылысына қажет деген тұс­тарын жи­нақтатты. Көптеген мемле­кет­тердің конс­­ти­туциялары сарапталды. Жедел түрде жа­ңа экономикалық жүйені қалыптастыруға қажы­май, талмай еңбектенді. Еуропа мемлекет­тері­нің, атап айтқанда, Германия, Франция, Анг­лия, АҚШ, Түркия, Азия-Тынық мұхит өңі­рін­дегі Сингапур, Малайзия, Корея, Жапония, Қы­тай елдерінде на­рық­тың еркін эко­но­миканы халық тұрмысына ен­гізу, тағы басқа ел­дерде мүлік меншіктік қа­ты­нас­тардың заң­дық негізін жасау тәжірибелері, ерекшеліктері мұқият зерттелді, біздің елімізге, тұр­мысымызға сәй­кес келеді деген ережелері та­разы басына салынып, сынаққа түсті. Бұрын меншік атаулы 100 пайыз тек қана мем­лекет монополиясында болғаны белгілі. Нұр­сұлтан Назарбаевтың бастамасымен осы негізгі әлеуметтік мәселеге түбегейлі реформа жүргізілді. Жеке адамдардың меншіктік құқық­тығы заңдастырылып, өмірге енгізілді. Бұл са­на­ның, дүниетанымның өзгеруіне зор ықпалын тигізді. Қазақстан бұрынғы тарихымызда бол­маған тұңғыш ұлттық теңгесін ай­на­лымға енгізіп, тұрақтандырды. Еркін экономикалық жүйе қалыптасты. Президент алғашқы жылдары жас мемлекеті­міздің туын көтеріп, оны әлем­ге таныта жүріп, ең дамыған елдер­дің назарын елімізге аударып, шетелдік инвестиция тартумен тікелей шұғыл­дан­ды. Олардың біздің елде нәтижелі жұ­мыс істеуіне заңдық база жасалып, жағ­дай туғы­зылды. Сондай ашық саясаттың арқасында Кеңес Одағы тұсындағы орта­лық билікке, Мәс­кеуге бағыныш­ты болған кәсіпорындар қысқа мерзімде түгелдей жаңа технологиялармен жаб­дық­талып, модернизация бағдарламасы жүзеге асыры­лып, өндіріс тауарларының экс­порт­тық мүмкіндігіне екпін берілді. Елі­міз­дің жер асты қазба бай­лық­тарына тұңғыш рет өзіміз қо­жа­лық ететін болдық. Мәселен, Қазақстанда мұ­най өндіріле баста­ға­ны­на 100 жылдан асса да оның игілігін қазақ көрген жоқ еді. Осы­дан 20 жыл бұрынғы Атырау, Ақ­тау, Жаңаөзен, Орал, Ақтөбе, Қы­зыл­орда қалалары­ның жағдайы мен бүгінгі келбеті жер мен көк­тей. Бұрын-соңды болмаған тұрғын үйлер, ауруханалар, қонақ үйлер, мәдениет, спорт кешендері, оқу орындары, тағы басқа әлеуметтік нысандар бой көтерді. Мұнай саласында еңбек ететіндердің құра­мын­да қазақ жұмысшыларының үлес салмағы еселеп өсіп, мыңдаған адамдар мұнай өнімінің ықпалымен әлеуметтік тұр­мысын жақсартты. Мұнайдан түскен табыс Ұлттық қорға жи­нақ­та­лып, бүкіл елдің эко­номикасына қызмет етуде. 2007 жылдың со­ңында басталған жаһандық қаржы дағ­да­рыс­ы­ның алғаш­қы дауылында Қазақстан осы қор­дың арқа­сын­да қатты соқ­қы­ға ұшырамай, өзі­нің бұрынғы жоспар­лаған әлеуметтік бағ­дар­ламасын жүзеге асырумен алға жылжып келеді. Осы қорды тиімді пайдалану және дағ­дарысқа қарсы бағ­дар­ламаны жүзеге асыру­дың нәти­же­сінде елімізде жаппай жұмыссыздыққа жол берілген жоқ. Зейнетақы, көп балалы аналарға, нәрес­те­лердің тууына байланысты, тағы басқа да әлеуметтік төлем­дер жыл сайын 25-30 пайызға көтеріліп келеді. Сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қар­жы­ла­на­тын әлеуметтік салалар ахуалын қуат­тандыру да жыл сайын шамамен 30 пайызға өсуде. Мектеп, балабақша, аурухана құрылыс­тарын салу жоспары да орындалуда. Президент өз Жол­дауында жария еткендей, халық тұр­мысы мен әл-ауқатын жақсарту бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылатынына негіз де жеткілікті, сенім де тұрақты. Бұрын өзінің сыртқы саясаты болмаған Қа­зақ­стан Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған әлем елдерімен тату, өзара сыйластық қарым-қаты­на­сының нәтижесінде тәуелсіздік жыл­дары ғасырлар бойы мүмкін болмаған жаңа рухани, саяси, экономикалық биікке көтеріле алды. Дүние жүзіндегі ең дамыған елдермен тереземіз тең дәрежеде сөйлесе алатын болдық. Осы­дан 20 жыл бұрын Қазақстанның қайда екенін білмейтін елдердің басшылары Қазақстан Президентімен санасып, сөзіне құлақ асатын, құр­метпен сыйлайтын болды. Оның мысалы да, көрінісі де, дәлелі де жеткілікті. 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мен сол жылдың 1-2 желтоқсанында Астанада өткен Сам­митке 68 мемлекет және үкімет басшы­лары, 7 халық­ара­лық беделді ұйым­дар­ бас­шы­лары қа­ты­насып, Астана Дек­ла­ра­ция­сын қабылдаға­нын айтсақ та жеткілікті. Тарихымызда тұңғыш рет бабалардан қал­ған ұлан-байтақ жері­міз­дің бар­лық көр­шілес мемлекеттермен шекара­сы екі жақты келісімдермен бекітіліп, заңдастырылды. Ол құжаттар БҰҰ-да мақұлданды. Бұл Президентіміздің тарихи жеңісі бол­ды. Қазақ өз тағдырын өзі шешетін еркіндік, жа­сампаздық дәрежеге жетті. Н.Назарбаев еліміздің сан-салалы өмірінде кешенді реформалар жүр­гізді. Тиімді реформалар нә­тижесінде «Қазақстандық жол» қалып­тас­ты. Әлеуметтік тұр­мыс жақсара бастады. Қазақ­стан қысқа мерзімде эко­номи­ка­лық дағдарыстан шы­ғып, өрке­ниет­тің өркендеу, өсу жо­лы­на түс­ті. Елде адамдардың орташа табысы осы жылдарда он-он екі есеге артты. Адам басына шақ­қанда ІЖӨ 700 АҚШ дол­ла­ры­нан 9000 долларға дейін өсті. Қазір әрбір отба­сын­да автокөлік болуы айрықша байлық емес, тұрмыстың күн­делікті қажет­ті­лігіне айналды. Екі мил­лионға жуық адам өз таңдауы бойынша орта және ша­ғын кәсіпкер­лікпен шұ­ғылданып, ел эко­но­мика­сы­ның көтерілуіне үлес қосуда. Жаңа Астана құрылысы Қа­зақ­стан эко­но­микасына жаңа дем, жаңа қуат берді. Астана сәу­­леті мен тіршілігі барлық облыс орта­лық­тары мен қалаларға, аудан орталықтарына оң ықпалын тигізді. Ұлттың жаңа мәдениеті бой көрсетті. Бұрын Қазақстаннан санаулы ғана адам шет елдерге барып оқитын шектеулі мүмкіндік бола­т­ын және ол бүкіл республика үшін керемет оқиға саналатын. Бүгіндері жыл сайын әлемнің ең дамы­ған елдерінде қазақ балаларының оқуы әдеттегі жағдайға айналды. Жыл сайын 20 мыңға жуық жастарымыз шет елдерде білім алады. Қазақстан халқының ынтымағы артты. Ұлт­ара­лық, дінаралық, қоғамдық келісім өмір салтына айналып, ел бірлігі барлық жетістіктің қайнар көзі болды. Дағдарыстан шыққаннан соң, әсіресе, 2000 жылдан бері он жыл көлемінде білім беру, денсау­лық сақтау, мәдениет, тағы басқа әлеу­меттік салаларда көптеген мемлекеттік бағ­дарламалар жүзеге асырылды. 750 мектеп, 480 аурухана, жүздеген мәдениет нысан­дары, мың­даған шақырым жолдар салынып, ел игілігіне қызмет етуде. Міне, еліміздің өркендеу жолындағы осын­дай жарқын табыстары мен жетістіктері елдің еңсесін көтеріп, өмірге құштарлығын күшей­тті. Бұл – бәрі болды, толды, кемшілік жоқ деген сөз емес. Шешілмеген түйіндер мен қиын­дықтар, кемшіліктер мен проблемалар толып жатыр. Оларды еңсеру жолдарына Президент өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында екпін беруде. Бұл – мемлекет өмірінің табиғи тынысы. Жиырма жылда Қазақ жерінің, қазақ ұлты­ның рухы өрлеп, санасы, дүние­таны­мы, кескін-келбеті де, сапасы да, қуат күші де өркендеп, өзгерді. Қазақ өсті. Қазақ жасықтықтан бой жинап, әлемге ашық көз, білім сауатымен, әлемдік құбылыстарды түсінетін дәрежеде қарайтын болды. Осы­ның бәрі ең алдымен, тәуелсіз­дік­тің арқа­сы. Тәуелсіз мемлекеттіліктің жемісі. Тәуел­сіздіктің қадір-қасиетін дұрыс бағалап, соны ұлт мүддесінде тұрақтандыру, нығайта білудің нәтижесі. Тәуелсіздік – біз үшін ешқандай бағамен өл­шенбейтін қасиетті ұғым. Ол – біздің сана­мыз. Сондықтан да мемлекеттік тәуел­сіздігіміз, оның қауіпсіздігі санамызға ұлттық идея болып қалып­тасты деп тұжырымдауға толық негізіміз бар. Тәуелсіздіктің бізге оңай­лықпен келмегенін біз ешқашан ұмытпауға тиіспіз. Ол үшін тәуелсіздіктің қарсаңындағы жағдайымызды еске түсірудің де артықшы­лығы бола қоймас. * * * 1991 жылдың желтоқсан айы дүниені дүр сілкіндіріп, алып империя ыдырап, оның құра­мында болған он бес ел өз тәуел­сіздіктерін жариялап, жас мемлекеттер шаңырақ көтерді. Балтық жағалауындағы Литва, Латвия, Эстония бұдан ертерек Кеңес Одағы құрамынан шы­ға­тындығын жария етіп, Одақ тігісін сетінетіп еді. Желтоқсанның 8-і күні Ресей, Украина, Белоруссия бас­шылары 1922 жылғы одақтық келісімнің өз өкілеттігін жой­ған­дығы туралы бірлескен мәлім­деме жасады. Сол жылғы желтоқсанның 16-сы күні Қазақ КСР Жо­ғарғы Кеңесі «Қазақстан Рес­пуб­ли­касы­ның мемлекеттік тәуел­сіз­дігі ту­ра­лы» Заң қабылдады. Сол күн біз­дің жас мем­лекеті­міздің дүниеге келіп, өзінің мемлекеттік туын кө­терген қасиетті күні болып тарих­қа жазылды. Қазақ тарихы­ның жаңа дәуірі басталды... * * * ...Әрине, өз алдына тәуелсіз мемлекет болу­ды арман етпейтін ұлт жоқ. Оған адамзат тарихын айтпағанның өзінде, тек бұрын­ғы Кеңес Одағының кеңіс­ті­гін­дегі ұлттар мен елдік құрылымдар қа­та­рын­да өз ата-баба­лары­мыз­дың тағдыры мен тари­хы­на көз жүгіртсек те жеткілікті. Қазақ елінің Ресей құрамына қосылуы – ХVІІІ ғасырдың орта шенінен, атап айтқанда, 1731 жылы Ресей патшасының қазақтың батыс өңіріне арнайы елші жіберуінен басталады. Академик Салық Зиманов өзінің «ХVІІІ ғасы­р­дың соңы және ХІХ ғасырдың бірінші жар­ты­сындағы Қазақстандағы саяси құрылыс» деген еңбегінде патша өкіметінің отаршылдық саяса­ты­ның қазақ жеріне ендеуін төмендегідей тұ­жы­рымдайды: «Патша өкіметінің отаршылдық саясаты бірден және ашық түрде басып алу жо­лымен емес, негізінен Қазақ елін орыс мем­ле­­кетінің ықпалына бейімдеу арқылы жүргі­зіл­ді. Патша өкіметінің қолында күш те, жергілікті билік өкілдерін сатып алу мүмкіндігі де болды. Қазақ жері мен Ресей арасындағы эко­но­микалық қарым-қатынастың өсуі патшалық Ресейдің ұлы далаға тереңдеп енуіне зор мүм­кіндік туғызды» (С.Зиманов. Шығарма­лары­ның толық жинағы. ІІ том. 120 бет). Қазақ хандықтары солтүстігінде Ресей, оңтүстік-батысында Хиуа, Қоқан, шығысында Қытай әміршілерімен әртүрлі келіссөздер жүр­гізіп, елі мен жерін сақтау қамында болды. Алайда, алып империялар көп жағдайда өз­дері­нің әуел баста көрсеткісі келген бейбіт пиғыл­да­рын ұмытып, көпе-көрнеу зорлық-зомбылық әрекеттерге көшіп, қазақтың ежелгі қоныс­та­рын билеп-төстегісі келіп, өз әмірліктерін жүр­гізе бастауы елдің наразылығын туғызып, әр өңір­де қазақ көтерілістерін өрістетті. Бостан­дық үшін басын тіккен талай боздақтар қыр­ғын­ға ұшыраса да қазақ жұртшылығы еш­қа­шан еркіндік санасын жоғалтқан емес. Қазақтың ең соңғы ханы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысы он жылдан астам орыс патшасының қазақ жеріндегі отар­шы­л­дық саясатына қарсы күресіп, Хан Кене 1847 жылы қастандықпен әрі жауыздықпен өлтіріл­ген­нен кейін, қазақ хандығы жойылып, төртке бөлін­ген қазақ жері Ресейдің генерал-губер­на­тор­лық­­­тары­на телініп, қазақ даласы түгелдей отар­шыл­дық шеңберіне енгізіліп тынды. Одан кейін қа­зақ даласының әр өңірінде әр жылдарда әр түрлі көлемде ұлт-азаттық көтерілістер жиі-жиі билеп төстеуші үстемдікке қарсы шығып, айбат шегіп тұрғанымен, олар тез арада күшпен тұн­шық­ты­ры­лып, ұйымдастырушылар қуғын-сүр­гінге ұшы­­рап, ешқандай айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алған жоқ. Бұл мақалада олардың тари­хын, жеңілу себептерін сараптау мүлде көзделмейді. Оның өзі жеке тақырып. Ол көтері­лістер мен қозғалыс­тар­ды еске алудағы мақ­сатымыз қазақ халқы қандай ауыр жағдайда жүрсе де ұлттың бостандық сана­сы­нан ажы­ра­маған­дығын, керісінше, ұлттық бостандық, тәуелсіздік, дербестік ұрпақтан ұр­пақ­қа жал­ғас­қан көксеген арманы болғанын айту. Сон­дықтан да әрбір қазақ азаматы үшін Тәуел­сіздіктің құнды­лығы ешқандай өлшеммен өл­шен­бейтін қасиетті ұғым екендігі хақ. Яғни, тәуел­іздік – ұлттың санасында қалыптасқан ұғым. Алайда, ол ұғым кезінде, белгілі саяси ре­жімнің темір құрсауында жүргенде кез келген жерде айтыла бермегені де белгілі. Өйт­кені, ондай ой-пікір айтылған тұста сол кездегі билік тарапынан соққыға ұшырап оты­ра­тын. Ал, ой, арман, тілек ретінде қазақтың жүрегінен, сана­сы­нан ешқашан өшкен емес. * * * Жаңа дәуіріміздің ең басты ерекшелігі – қа­зақ жерінде тәуелсіз мемлекет құрып, оны ор­нық­­тырып, ізгілікті ішкі, сыртқы саясаты ар­қы­лы ел­дің әлеуметтік жағдайын, халықтың әл-ау­қа­тын, тұрмысын жақсартуды қалыпт­ас­ты­рып, әлем­дік озық бәсекеге қабілетті ұлт өсі­ріп, дү­ние­жүзілік қоғамдастықта лайықты орын­ға ие болуын қам­та­масыз ету міндеттерін жүзеге асыру. Мемлекет құру – кез келген ұрпақтың, дәуір­дің, тіпті бірнеше ғасырлардың үлесіне тие бермейтін тарихи құбылыс. Бұл тұрғыдан қара­ған­да, біздің Ұлы Даланың қойнауы да толған қазына мен шежіре. Талай жорық, арпалыс, жасампаз­дық­қа толы кеңістіктің, өркениет өріне ұм­ты­лы­сы мен талпынысы осынау ендікте мемлекет ша­ңы­рағын көтеріп, адамзат қоғамының рухани мә­де­ниетіне өзіндік үлес қосуымен айшықталады. Жаңа дәуірдегі жаңа мемлекетіміздің Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуел­сіздігіміздің бес жылдығына арналған сал­танатты жиында сөйлеген сөзінде бұл ту­ралы: «Осыдан 1,5 мың жыл бұрын түркілер Еу­разияның көптеген мемлекеттері, оның ішінде біз тікелей мұрагері болған ұлы мемлекет – Түрік қағанатын құрған», деп ой қорытады (Н.А.Назарбаев. Избранные речи. Т.ІІІ. 1995-1998. стр. 256). Елбасы сондай-ақ, Қазақ елінің мемлекеттік дәстүрі мен ұлтымыздың мемлекеттік идеядан ешқашан үміт үзбегендігіне өзінің «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Еуразия жү­регінде» атты айтулы еңбектерінде де тарихи де­рек­намалық шолуларға сүйеніп, нақты тұ­жырымдар жасайды. Жоғарыдағы тарихи кезең біздің Ұлы Дала төсіндегі мемлекеттік дәстүр тамырын терең­нен тартатындығын көрсетеді. Біздің бүгінгі жаңа дәуірімізге дейін ұлттар мен ұлыстардың Еуразия кеңістігіндегі қайшыласқан қым-қуыт құбылыстардың негізгі мақсаты да, мүддесі де сайып келгенде мемлекеттілікке тірелетіндігін байқау көп қиындық туғыза қоймайды. Бұған дәлел – Ұлы Дала тарихының әр за­мандағы зерттеушілері, тарихшылар, мемлекет қайраткерлерінің жазып қалдырған деректі еңбектері. Бұл орайда М.Х.Дулати, М.Қашғари, Ж.Баласағұн, Ш.Уәлиханов, В.В.Бартольд, Г.Е.Грум-Гржимайло, А.П.Окладников, Ә.Мар­ғұлан, Л.Н.Гумилев сынды әйгілі жиһан­гез­дер мен тарихшылардың еңбектері ерекше маңызға ие. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ жеріне Ре­сей­дің патшалық-империялық саясатының мей­лінше тереңдеп бойлап, сол кездегі саяси-қо­­ғам­дық құрылыстың дербестік сипаттан айрылып, империяға мойынсұну кезеңінің бір жарым ғасырға созылғаны, әрине ұлттық құн­ды­лық­тар­дың, әсіресе, ұлттық сананың, тәуел­сіз­дік сана­сы­ның тамырына балта шапқаны да тарихи шын­дық, айдай ақиқат. Империяның ең зиянды зардабы – бір ұлттың үстемдігіне ұмтылу­шы­лық. Империялық санамен әбден уланған билеп-төстеушілердің өздеріне деген менмендік сенімі, өздерінен басқа ешкімді де өз қатарынан көргісі келмеуі, ешкімнің құ­қығымен санаспауы. Олар бұрын бой көрсете қоймағанымен, дәл Кеңес Одағының бірлігі ыдырап, Ресейден іргесін аулақтата бастаған бұрынғы одақтас республика ұлттары өз тәуелсіздіктерін жариялап жатқан тұс­та бірден белең алып, көрініп жатты. Соның бір айғағы дүние жүзіне бостандық, еркіндік, тәуелсіздік, демократия жалаушысы болып та­ныл­ған А.Солженицынның 1990 жылы жария­лан­ған «Как нам обустроить Россию» атты мақаласы. Өкінішке қарай, сол кезде өзін ұлы гуманист ретінде танытқысы келген жазушы Қа­зақ­станның солтүстік облыс­тарында орыс­тар­дың сандық үлесі басым, сондықтан оларды Ресей жеріне қосу керек деген аран­датушылық ойын айтып, қазақ пен орыс ара­сы­на от сал­ғысы келгені де елдің есінде. Ресейдің көр­некті политолог-жазушысы Леонид Млечин бұл оқи­ғаға байланысты өзінің «Назарбаев. Групповой портрет с президентом» деген кітабында: «Слова Солженицына вызвали резкие протесты в Алма-Ате.13 октября 1990 года Назарбаев поднял этот вопрос на совещании у Горбачева: – Трудно говорить народу, будто статья Солженицына появилась без санкции руководства...» (с.259), – деп, тәуелсіздік қарсаңында жер, ұлт, ұлтаралық, демография мәселелерінің оңай болмағанынан мағлұмат береді. Сол кезде Солженицынның сөзі түрткі бо­лып, орыстың талай «интеллигент» (яғни, гуманист) деген аза­маттары сыр беріп қалды. Ондай пікірлерді кейбір Ресей мемлекеттік Дума­сының депутат­тары да дуылдатып, қоздыруға тырысты. Әсіресе, біз тәуелсіздік алғаннан кейін, біздің мемлекет құра алатынымызға шүбә келтіріп, күнкөрісімізге «жанашырлық» білдірушілер әртүрлі дағдарыстардың сценарийлерін ай­тып, жазып, мазалары кетті. «Қазақстан өнер­кәсібінің 93 пайызы Мәскеудің бағынышында,  өз беттерімен экономикасын жасай алмайды», «Қорғанысы жоқ, еліндегі әскери күштің бәрі Ре­сейдікі», «Сыртқы саясаты жоқ, 15 миллион елдің халықаралық қатынасқа ықпалының қа­жеті шамалы», «Темір жолы, әуе жолы өз бетімен жүре алмайды» деген сыңайлы ақпарат таралып, көрші елдерде қоғамдық пікір өршіп тұрды. Қазақ елі мемлекет тұрғызып, оны өр­кен­дету ісіндегі жетістіктеріміз мұндай сәуе­гей­лер­ге сабақ болатындай нәтиже көрсетті. Қа­зақ­стан олар күтпеген жеңістерге жетіп, тек олар­ды емес, дүние жүзін мойындатты. Алайда, ондайлар өздерінің империялық санасынан бас тартқан жоқ. Ондай сана енді жаңа үнмен, жаңа мазмұнда айтыла бастады. Тіпті басқаны айтпағанның өзінде «екінші дүниежүзілік со­ғыс­та тек қана орыс халқы жеңіске жетті» деу­дің өзі неге тұрады? Тереңірек ойланған адамға осының өзі-ақ көп нәрсені аңғартса керек. Біріншіден, мұндай тұжырымдар әлі де екпіні басылмай тұрған үстемдік жүргізуге құш­тар, империялық сананың өміршеңдігі. Өйт­кені жо­ға­рыдағыдай ұсыныс-пікірлерді тек билік өкілдері ғана емес, әртүрлі қоғам өкілдері де айтуға құ­мар. Өкініштісі, ондай сана жаңа дәуірде жо­йы­лып жатқан жоқ, керісінше, өсіп келеді. Ресей­дің үлкен қалаларында өр­кендеп жатқан жаңа ұлтшылдық (скинх­едтер немесе жаңа фашистік) ұйымдардың көтеріп жүрген ұран­дарын айтсақ та жеткілікті. Екіншіден, мұндай жағдай күн­дер­дің күнінде олардың өз мемлекетіне де, көршілес елдердің қауіпсіздігіне де нұқсан келтіруі әбден мүмкін. ХХ ғасырда ең күшті мемлекеттік идея, дербес ұлттық мемлекет құру санасы қазақ зиялы­ларының ор­та­сында 1905-1935 жылдар ара­сында болды деуге толық негізіміз бар. Оған дәлел әрине, «Алаш» партиясы мен Түркі­стан респуб­ли­ка­сының қайраткерлері, көрнекті ақын-жазу­шы­лар Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов, Мұстафа Шоқай, Бақытжан Қара­таев, Халел Досмұхамедов, Смағұл Сәдуа­қасов, Мұхаметжан Тынышбаев, Ораз Жандосов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин сияқты тағы басқа ондаған, жүздеген ұлттық идея, ұлттық тәуелсіздік жолында құрбан бол­ған ардақ­ты­ларымыздың өмірі мен олардың қа­зақ мемлекеті, қоғамы алдындағы қыруар еңбегі. Бұл ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың тоғы­сын­да қазақ даласының әлеуметтік тұрмысы нашарлап, ел арасындағы наразылық күннен-күн­ге асқынып тұрған кезең еді. Оның себептері де көп. Бір жағынан, патшаның атынан қазақ жеріне үстемдік жүргізген генерал-губернаторлар, ояз, урядниктер қазақтарға аяусыз тізесін ба­ты­руы, әділетсіздігі шектен шығып еді. Олар қа­зақ­тардың арасына іріткі салып, бір-біріне қар­сы қоюға әбден машықтанып, «бөліп ал да билей бер» тәсілін мейлінше өрістетті. Ел ішіндегі Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Шәкәрім, Мәди сияқты беделді өнер иелерінің басқан-тұрған із­дерін аңдып, кейде оларды қызғанышпен кө­ре алмайтын қазақтарды, тіпті жақын туыс­та­рын олардың кейде надандығын, кейде осал қор­қақтығын пайдаланып, өздеріне қарсы қой­ғызып, өтірік жала жаптырып, істі қылып, абақ­тыға қаматып, «олар өкіметке қауіпті» деген лақап таратып, арандатуды, сол арқылы даланың бас көтерер тұлғаларын жойып жіберуді мықтап қолға алып, ол үшін отарлаушы үкімет тарапының мақтауына кенеліп, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болып шалқыды. Екіншіден, орыс патшасының өкілдері мұн­дай сатқындық іске жергілікті қазақтар арасы­нан шыққан сұлтан, болыстарды кеңінен пай­да­ланып, бірінің үстінен біріне арыз жаз­ды­рып, сатқындыққа, екіжүзділікке, өтірікке, сыр­ға­нақ­тыққа, парақорлыққа үйретті. Білімсіз, мансапқор болыссымақтарды түкке тұрмайтын шен-шекпенге сатып алып, айтқанын істетіп, өз­дерінің табанын жалатып қызмет істетті. Бұ­қара халықтың намысына тиіп, озбырлық жасап, тізесін батырып, жергілікті бай-шон­жар­лар ел арасындағы жағдайды ушықтыруда белсенділік көрсетті. Үшіншіден, Ресейден жер аударылып келген шаруалар қазақтың ең шұрайлы, сулы, ну­лы жерлеріне қоныстанып, өздері тез арада әл­де­ніп, қазақ шаруасының жағдайын төмендетті.  Әрине, мұндай жағдайлар қа­лың елдің наразылығын ту­ғызып, Ұлы Даланың пат­ша­ға қар­сылығын күшейтіп, сәті келер көтерілуді кү­тіп жү­рері белгілі. Сон­дықтан да Петербург, Мәскеу, Омбы, Орын­бор қа­ла­­ларында жоғары оқу орындарында білім алып, озық ойшылдар топ­тары­мен араласта болған қазақ зия­лы­лары 1905, 1917 жылдардың  төң­керіс­­тері­нен көп үміт күтіп, олардың ұста­ным­­дары­на қолдау көр­сетуі де заңды құбылыс еді. Алайда, Қазан төң­ке­рісінің жемісі – большевиктер мен Кеңес өкіметі қазақ зиялы­лары­ның үміті мен сенімін аяққа таптады. Дербес мемлекеттілікті аңсаған Алаш үкіметі де, Түркістан өкіметі де Кеңес Одағына ешқандай қарсылық көрсетпей, керісінше, оның ұран­дары мен шешімдерін толық қолдап еді. Әңгі­ме, тек Қазақ автономиясы ғана, қазақ шаруасы мен қазақ халқының тең құқықтығы жайлы ғана болды. Қазақ даласында мектептер ашып, білім беру, жерді пайдалануда, мал жайылым­дарын пайдалануда қазақтардың өз ата қоныс­тарына ие болуы жайлы еді. Әрине, олардың бағдар­ла­ма­ларында ел билігін қазақ­тың өз білімділері жүргізуі тиіс делінген. Сондай-ақ патша саяса­ты­ның басқа ұлттарға, тікелей қазақ­қа әділетсіз болғандығы айтылып, алдағы уақытта ондай тең­сіздіктерге жол берілмеуі көзделген-ді. Қа­зақ зиялыларының рухани бос­тан­дыққа баста­ған жолдары әділ әрі жаңа үкіметке ешқандай зияны жоқ, тек қазақтың ұлттық мүддесіндегі жол болатын. Олардың өз ұлтының мұқтажы үшін қойған талап-тілектері орындалған күннің өзінде большевиктер билігіне, қозғалысына кедергі емес, керісінше, олардың ел арасындағы беделін өсіретін еді. Бірақ, ол кезде большевиктер сөз жүзінде орыс­тан басқа ұлттардың тең құ­қықтарын ұран­да­ғаны­мен, іс жүзінде, им­пе­рия­лық үстемдіктен, «великоросстық шовинизм» санасынан арыла алмады. Ақыры ұлты үшін, ұлт болашағы үшін күрескен қазақ зия­лы­лары түгел­дей дерлік жазықсыз қуғын-сүр­гін­ге ұшырап, ал­ды атылып, соңы ұзақ жыл­дар­ға айдалып, олар­дың ұлттық санаға, рухани бостандыққа негізделген іс-әрекеттері мен тал­пы­ныстары, ұсыныс, пікір, ойлары сол кезеңде жо­йылып тын­ды. Бұл сая­си партиялар, үкі­мет­тер, билік жүйесі ауысып, әртүрлі атаулармен ата­ла беруі мүмкін, бірақ кеңістікте билеп-төс­теуші бір ғана «жетекші», «аға» ұлт болады, дегендері еді. Өткен ғасырдың 20-30-жылдары мәжбүрлеп жүргізілген коллективтендіру, тәркілеу нау­қа­ны­ның нәтижесінде қазақ халқының 40 па­йыз­дан астамы, яғни 2 миллионға жуық адам аш­тан қырылды. 1,5 миллионнан астам қазақ өз Отанынан басқа елдерге қашуға мәжбүр болды. Біздің қоғамда бұл туралы аз айтылып жүрген жоқ. Бұл алапат қырғынды біздің тәуелсіз мем­лекеттігіміздің 20 жылдығы қарсаңында еске алып отырғанымыз осындай жойқын әре­кет­тер­дің ең түпкі мақсаты – ұлттың негізгі құ­ра­мын жою арқылы оның барлық өмірлік мүм­кіндігін төмендету. Әрине, ұлт болмаған соң мемлекеттіліктен қандай үміт болуы мүмкін? Сол сияқты, 1937-1938 жылдары жүргі­зіл­ген саяси қуғын-сүргін науқаны қазақтың ең білімді, қабілетті, өз тұсындағы саяси-қоғамдық үдерістердің қыр-сырын түсінетін, өз ұлтының мүддесін біліктілікпен қорғай алатын, ұлтының сөзін сөйлей алатын қазақтың маңдайалды азаматтарынан бастап, ауылды жерлерде орта, жоғары білімі бар азаматтарды да «халық жауы» деген жаламен жойып жіберді. Өкінішке қарай, кеңестік Қазақстандағы «ұлтшылдар» мәселесі отызыншы жылдардан кейін де ұзақ уақытқа дейін тоқтатылған жоқ. Бұл Мәскеу үшін, өзіміздегі Мәскеуге жағын­ғыш жандайшап интернационалистер үшін қай кез­де де қателеспейтін «аспап» болып тұрды. Оған мысал шаш-етектен. 40-шы, 50-ші жыл­дар­дағы «Қазақ ССР тарихының» шығуына байланысты, сондай-ақ тарихшы ғалым Е.Бекмаханов, әдебиетші Қ.Жұмалиев, академик Қ.Сәтбаев, ғұлама жазушы М.Әуезов, тағы басқа ұлт келбеті дәрежесіндегі тұлғалардың тағдыры мен тарихын, солардың көрген қиянатын еске түсірсек те жеткілікті. Зерттеп отырсақ, қазақ жеріне үнемі орта­лық одақтық билік шүйлігумен болған екен. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қазақ­стан­дағы тың жерлерді игеру мақсатында Одақтың төрт бұрышынан 1 миллионға тарта әртүрлі ұлттар өкілдерін әкелу, 1937-38 жылдары Қиыр Шығыстан жүз мыңнан астам корейлерді, со­ғыс кезінде – 1941-1944 жылдары Кавказ ха­лық­­­тарын, Волга жағалауындағы немістерді   эшелондармен тиеп әкеліп, қазақ да­ла­сына төгу­дегі мақсат та қазақтың өз жерінде өзін азайту еді. Сондай күштеп, адам аты мен құ­қығын аяқасты етіп, езіп, қазақ жерін ежелгі иесінен айыру мақсатында жүргізілген зымиян саясаттың салдарынан тәуелсіздік алар тұста Қазақстанда тұратын халықтың құрамында қа­зақ ұлтының үлесі төмендеп кетті. Әрине, мұн­дайда ұлттық мемлекеттік, ұлттық тәуелсіздік туралы қандай да әрекеттер көп қиындықтарға ұшырары анық. Қазақстанда басқа этностарды көбейтіп қоюмен шектелмей, ежелгі қазақ жерін бөлшектеп, бір бұрышын түркіменге, бір бөл­ше­гін өзбекке, ең үлкен үштен бір бөлігі – сол­түс­тік астықты облыстарды Ресейге қоспақ жоспар да Мәскеудегі орталық биліктің сүйікті «ре­фор­малары» болған еді. Осы іспеттес сола­қай ше­шім­дердің әрқайсысының тұсында республика басшылығындағы жауапты қызмет­кер­лер өзінің ақиқат пікірін айтамын деп қуғын-сүр­гінге ұшы­рап, лауазымды қызметтерден боса­ты­лып, құр­бан болып жататын. Жоғарыдағы та­рихи әрі қа­сиетті кезеңдерді еске алғандағы мақсатымыз ұлт­тың тәуелсіздікке жетуінің қаншалықты қиын болғандығымен бірге, қай-қайсымыз бол­сақ та өткен заман өкініштерінен сабақ алып, сондай тағы басқа қауіп-қатердің алдын аларлық сана, түсінік болу қажеттігін көрсету еді. Осындай тағдыры мен тарихы бар қазаққа «тәуелсіздік ешқандай шығынсыз, күрессіз келді» деп айтудың өзі әрі әділетсіздік, әрі білгісі келмегендік. * * * КОКП мен Кеңес Одағы орталық билігінің Қазақстанға көрсеткен ең соңғы қиянаты, әрі қатыгез өктемдікпен жүргізілген саясаты 1986-1989 жылдары болды. КОКП Орталық Коми­теті­нің Саяси Бюросы, оның Бас хатшысы қа­зақ ұлтына менсінбеушілік тұрғысынан қарады да, бұрынғы әдетінше оның басшылығын ауыс­ты­рарда ұлтты, ұлт санасын, қоғамды, жас ұр­пақ­тың дүниетанымын ескерместен, өз өктем­ді­гіне салды. Алайда, осы жолы 70 жылдан астам жазбай жасалып келген ескі тәсіл жас қазақ­тар­дың толқуына шашалып, ұлттық сана­ның күт­пеген дүмпуіне кезікті. Сөйте тұра ұлт тең­дігін талап еткен жастармен тілдесуді жөн көрмес­тен, бейбіт шеруге шыққан жастарға қарсы күш қолданып, талай жастар мерт бо­лып, жа­зық­сыз қан төгілді. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ үшін бұл да кезекті сойқан болды. Қазақ халқы, әсіресе жас ұрпақ қайсар­лық танытты. Ор­талық биліктегілер өздерінің одақтас рес­пуб­­ликалардың тыныс-тіршілігінен мүлдем бей­хабар екендігін, ұлттық сананың өскенін түсіне алмайтындығын көрсетті. Қазақстанды Колбин басқарған жылдар қа­зақ зиялылары мен лауазымды қызмет­кер­лерге де сын болды. Сол жылдары қазақ атқ­а­мі­нер­лері­нің сапасы көрінді. Сөз жоқ, көпшілік лауа­зымды азаматтар орталық биліктің, Колбиннің қоғамға жасаған озбырлығының табиғатын біліп, іштей күйініп, реті келген жерде әділін ай­ту­ға тырысып, мүмкіндігінше жоғарыдан түс­кен әмір, бұйрықтардың қоқан-лоқысын басып, мазмұнын жұмсартып, ұлт мүддесін қиянатқа берместен, еңбек етуге тырысты. Алайда, сол кездегі билік басындағы шенеуніктер ара­сында Колбинге жалпақтап, жағынушылар да аз бол­ған жоқ. Ондайлар өз басының мансабы мен пай­дасы үшін кімді болса да, нені болса да са­тып жіберуге бейім, жан-тәндерімен ықыласты болды. Көкірегінде, басында өз пікірі жоқ, «шаш ал десе, бас алатын» дәлдүңдер әлі де көп екеніне көзіміз жетті. Ондайлар өз ман­са­бы үшін адал адамға да шімірікпестен, кірпік қақпастан жала жаба салады екен. Бір қызығы, Колбин кеткеннен соң сондайлардың кейбіреуі «Колбинге қарсы келіп, күрескен» адам болып шықты. Оларды ай­тып отырғанымыз, жалпы азаматтық пен ар­дың сапасын бағамдау. 37-ші жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің қазақ бел­сен­ділерінің қолдары­мен жасалғаны сияқты, 1986 жылы да желтоқ­санның 18-і күні КОКП Орталық Ко­митетінің сектор меңгерушісі Н.Мищенко лауа­зымды қыз­мет­керлерді кезекпен бір-бірлеп шақырып: «Рес­публиканың бұрынғы басшы­лары­ның қыз­меті мен өміріндегі кемшіліктерін жазып бер», деп тапсырма берген кезде сол тапсырманы жанын салып, «арты­ғы­мен» жазып бергендерді де, «жоқ, ондайым жоқ» деп тік тұрып, сол үшін қызметтерінен кет­кен адамдарды да білеміз. Алаңға шыққан жас­тар тарқар-тарқамастан, Колбинге оңаша сұ­ранып, республикада «ұлт­шыл­дық пен туыс­қан­дық жайлап кеткені» ту­ралы «егжей-тегжейлі» мағлұмат беруге асы­ғып, «Сіздің кел­ге­ні­ңіз қа­зақты құт­қаратын бол­ды», деп көл­гірсі­ген атақ­ты «ағалар» да болды. Болары болды. Біреуді әш­ке­релейік дегеннен аулақпыз. Сондай іс-әре­кет­тер келешек өмірге сабақ бол­сын, ондай сапа­сыз­дық, тұлға тұрлаусыздығы ар­қылы жү­ре­тін ұлт сапасыз­ды­ғынан арылсақ деп айтып отырмын. Мұның бәрі ұлттық сананың көріністері. Мем­лекет мықты болуы үшін адамдардың бо­йын­да, әсіресе, қоғам алдында жүрген әр адам­ның бойында ұлттық сана, азаматтық өзек қуатты болуы керек. Өткен сындарлы кезеңдерге тоқталып, қыс­қа­ша шолу жасаудағы мақсатымыз, тәуелсіз­дік­тің жолы жеңіл емес екендігін еске сала оты­рып, қандай әділетсіздік, қиянат көргенімізді, содан бүкіл ұлтымыз, еліміз қалай ұтылғанын ұмыт­пау арқылы бүгінгі мемлекеттік тәуел­сіз­дігімізді сақтауға әрбір азамат мүдделі, бо­рыш­ты екенін айту. Дербес мемлекеттілікке қол жеткізіліп мемлекет құраушы ұлт мәртебесі тұ­рақ­­та­лып өскен тұста, қоғамның санасында тәуел­­сіз­дікті сақтау, мемлекетімізді күшейту, мемлекет мүддесіне басымдық беру ұлттық идея болып қалыптасатын мезгіл жетті. Ұлттық идея туралы пікірталас көп. Кейбіреулер біздің мемлекетімізде ұлттық идея жоқ дегенді айтады. Ұлттық идея ортақ мүддеден туындап, ортақ мұратқа ұмтылыстан қалыптасуы тиіс. Ендеше, ұлттық дербестіктен, рухани бостан­дық­тан, мемлекеттік тәуелсіздіктен жоғары қазақ үшін, қандай мүдде, қандай мақсат, мұрат болуы мүмкін? Осындай жағдай тұсында ғана барлық басқа тіршіліктер туралы әңгіме қозғауға бола­ды. Ұлт­тық сана болса, ұлттық идея туралы айтуымыз орын­ды. Бүкіл біздің тари­хымыз – дербестік, тәуелсіздік туралы ұлт­тық санамыз­дың өшпе­ге­ні­нің куәсі. Ғасырлар бойы тарих­тың талай қа­тер­лі толқынынан өтіп, талай ай­қас­тарда құрбан болып, талайынан аман жетіп, тәуелсіз мемлекет бола алғаны­мыз, әрине, қа­зақ­тың жаңа дәуірі, алтын ға­сы­ры. Сондықтан да осы дәуірімізді, тәуел­­сіз­дігімізді қадірлеу, қас­терлеу, қорғау, сақтау, оны ұрпақтан ұрпаққа шашаусыз жеткізу – әрқай­сы­мыздың қасиетті борышымыз, парызымыз. * * * Осы мақаланың басында Тәуелсіздігімізді жария еткен заң қабылданғаны айтылып еді. Ол заңның қалай, қандай пікірталас туғызып, заңның қабылдануына Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамашы болға­нын, бұрынғы Жоғарғы Кеңестің сессиясында әлденеше рет сөз сөйлеп, нанымды ой, пікірін ор­таға салып, депутаттарды бір мүддеге жұ­мыл­­дыра алғаны туралы бұдан бұрын жа­ри­лан­ған мақалада толық жазылған («Егемен Қа­зақ­стан», № 122-123. 06.04.2010). Осыған бай­ла­нысты тағы бір айтылатын ақиқат – сол кезде Қазақстандағы халық құрамында қазақтардың үлес салмағы 36-ақ пайыз болғанын біздің тәуел­сіздігімізді қабылдағысы келмеген талай мы­сық­тілеу адамдар әртүрлі жерлерде, баспа­сөз­де де ай­тып, соның өзін қазақтардың кемшілігі етіп көр­сеткісі келгені. Тек тәуелсіз мемлекет бола ал­ғанымыздың арқасында елдегі де­мо­графиялық жағ­дай оңалып, 2009 жылғы ха­лық санағының қорытындысы бойынша қазақ­тар­дың өз еліндегі үлес салмағы 65 пайызға жақындады. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының мемлекетімізді күшейту мақсатында жүргізіп отыр­ған демографиялық саясатының басты көр­сет­кіші. Ол туралы Президент 1996 жылғы алғаш­қы Жолдауынан бастап жыл сайын айтып, Үкі­метке нақты тапсырма берумен келеді. Әсіресе, «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стра­тегиясы», тағы басқа маңызды баяндамалары мен сөздерінде елдің демографиялық ахуалына айрықша тоқталады. Үстіміздегі жылда да ұлт­тың өсіміне жаңа маңыз берілді. Елбасы биыл­ғы өз Жолдауында мемлекетімізде халықтың әлеу­меттік тұрмысын жақсартып, білім, денсау­лық сақтау көрсеткіштерінің деңгейін көтеріп, қоғамда саламатты өмір сүруді қалыптастыру арқылы дүниеге келетін нәрестелер санын кө­бей­тіп, олардың шетінеуін қысқартып, аналар өлімін кемітіп, денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу, сырқаттың алдын алу шараларының сапасын күшейту арқылы қазақстандықтардың орта жасын 2015 жылға дейін 70 жасқа, 2020 жылға дейін 72 жасқа жеткізуді ең басты стратегиялық даму дәрежесінде қойды. Шет елдерден өзінің тарихи Отанына келгісі келген қазақ бауырларға да есігіміз ашық, оларға осы кезге дейінгідей құқықтық көмек көр­сетілері сөзсіз. Бұл – біз тәуелсіздік алған күн­нен бері жүргізіліп келе жатқан нақты, мақ­сатты шара. Осы жылдар ішінде алыс-жа­қын елдерден 800 мыңнан астам қазақ Қазақ­стан­ға келіп орналасып, азаматтықтарын алды. Шет елден келген қазақтарды өңірлерде қабыл­дап, орналастыру ісінде Алматы, Оңтүстік Қа­зақ­стан, Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Шығыс Қа­зақ­стан, Жамбыл, Қызылорда облыс­та­рын­да, Астана, Алматы қалаларында мол тәжірибе жинақталды. Әйткенмен де, бұл жұмыс әлі де оңтайландырып, жақсартуды талап етеді. Өкі­ніш­ке қарай, нақты атқарушы орындарда – об­лыс орталықтарында, қалаларда, аудандарда, мем­лекеттік қызмет мекемелерінде өз міндеттерін орындауда жауапкершілік жеткіліксіз. Қызметкерлер тарапынан менмендік, нем­құ­рай­лылық, салақтық мінездер көп көрінеді. Шет­тен келген, орыс тілін білмейтін қазақтар біз­дің кейбір менменсіген, қазақша сөйлегісі кел­мейтін шенеуніктерден тауы шағылып, жал­пы Қазақстан сондай «меңіреу жартас» екен деген пікір туғызатын мысалдар аз емес. Олар шарасыздықтарынан Президентке, Парламентке, Үкіметке шағымданып арыз жазуға мәжбүр болады. Мұны біздің мемлекеттік қызмет­кер­лердің өз мемлекетін, тәуелсіздігін сыйла­мау­шы­лығы деп түсіну керек. Яғни, бұл да мешеу шенеуніктер бойында әлі ұлттық сананың кемістігін көрсетеді. Егер әр қызметкер өз ор­нын­да өз міндетін таза әрі жауапкершілікпен ат­қарса, ешкім де ешқайда шағым жазбас еді. Сон­дықтан да атқарушы билік өз жұмысының сапасын мемлекет мүддесінде өзгертіп, халық­қа қалтқысыз қызмет етуді Елбасының талап­тарына сәйкес дұрыс жолға қоюға міндетті. Сондай-ақ, Қазақ еліне келіп, тұрақтанаты