• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

Ректорлар кеңесінің байыптамасы

285 рет
көрсетілді

Құрамына еліміздің таңдаулы ұлттық, мемлекеттік, акционерлік мәртебедегі 41 университеті енетін республикалық Ректорлар кеңесінің кезекті мәжілісінде Елбасының Үшінші жаңғыру туралы халыққа Жолдауы аясындағы білім және ғылым мәселесі талқыланды. Кеңес жұмысын ашқан Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындары алдында тұрған мақсат-міндеттерді жүйелеп айтып өтті. Сала басшысы серпінді технологиялық жаң­ғыру үдерісінде ректорлар мен жетекші ғалымдар жауапкершілігіне де тоқталды. Сондай-ақ, саясаттанушы мамандар мен ғылыми орталықтардың реформалар мәнін түсіндірудегі рөлін басшылардың қаперіне салды. Аталған кеңес төрағасы, Л.Н.Гуми­лев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситетінің ректоры Ерлан Сыдықов ар­найы баяндамасында: «Мемлекет басшысының жаңа белесімізді анық­тайтын Жолдауы қоғамның бар саласына, соның ішінде әсіресе жоғары білім саласына зор қоз­ғау салып отыр. Өйткені, бір салаға да жауапты азаматтар – білікті де білімді маман­дар. Кеше ғана Ұлттық ғылым ака­демиясының ме­рейтойына байланыс­ты өткен салтанатты жиында Елбасы ғылым­ға тың күш қосу мен зердесі жоғары ға­лым­­дар шоғырын қалыптастырудың ма­ңы­зына айрықша тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғалымдар дәуір сұра­ны­сына сай өз дүниетанымын, ғы­лы­ми қөзқарасын қайта қарауы керек» деген тапсырмасы Жолдаудағы негізігі тұжырымдамалардың мәнін айқындай түседі», деп атап көрсетті. Мұнан кейін сөйлеген Білім және ғылым министрлігі Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмед-Заки, Стра­тегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры Нұргүл Шәмшиева, Ұлттық тестілеу орталы­ғының директоры Рамазан Әлімқұлов жаңа талап аясындағы өз салаларының жұмыс жоспарларымен, игілікті бастамаларымен және кеңесіп шешетін ортақ мәселелермен таныстырды. Бұл ретте сала дамуындағы тың өз­геріс­терге ықпал ететін басқару мен ака­­де­­мия­лық еркіндік жайы, стра­тегия­лық жос­парлау ерекшелігі, университет жа­ғ­дайындағы іргелі ғылым мен қол­данбалы ғылымды дамыту мәні, оқуға қабылдау мен қажетті мамандар даяр­лаудың тиімді жолдары жан-жақты сөз болды. Талқылауға қатысқан ректорлар Ел­ба­сының Жолдауын, сондай-ақ ке­шегі Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдық салтанатында сөйлеген сө­зін зор кәсіби жауапкершілікпен қабыл­дағандарын және айқындалған маңызды ғылым-білім міндеттерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын құрып, орындауға кірісіп кеткендерін мәлімдеді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» АСТАНА