• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2011

Жоғары бағалады

347 рет
көрсетілді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Горбан Сейфимен кездесті. Кездесу барысында дипломат біздің мемлекетіміздің адам құқықтарын қамтамасыз ету, оның ішінде заңнамалық базаны жетілдіру мен құқық қолдану тәжірибесі, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өзара әрекеттесуі, ел халқының құқықтық ағарту сала­сындағы қызметімен танысты. Г. Сейфи Қазақстанның ұлтаралық келісім, ұлттық азшылықтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, діни төзімділік, гендерлік теңдік саласындағы саясатын жоғары бағалады. Елші қазақстандық Омбудсменді Тегеран қаласында 2011 жылдың мамырында өтетін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдердің және Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі органдары басшы­ла­рының бірінші отырысына қатысуға шақырды, деп хабарлады Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.