Ливиядағы саяси дағдарыс салдарынан туындаған гуманитарлық мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан БҰҰ гуманитарлық жәрдем үйлестіру жөніндегі басқармасы, БҰҰ босқындар жөніндегі басқармасы және Халықаралық көші-қон ұйымы аясында құрылған тиісті халықаралық қорға қаржылық үлес қосты.
Қаражат Ливия халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі мақсатты бағдарламаларға, атап айтқанда, қауіпсіз қозғалысты және қоныс аударушыларды эвакуациялауды қамтамасыз етудегі, сонымен қатар, аумақтағы гуманитарлық ұйымдардың қызметіне қолдау көрсетуге арналады.
Қазақстан Ливиядағы гуманитарлық дағдарысты еңсеруге және шиеленістің ушығуын төмендетуге бағытталған халықаралық қауымдастықтың күш-жігерлерін қолдайды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.