• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2011

Біржанның інілері мен Сараның сіңлілері қайда?

474 рет
көрсетілді

Иә, тарихта айтыс өнерінің інжу-маржаны саналатын Біржан мен Сара есімі аталған кезде қиын­нан қиыстырып, маржан сөз терген қыз бен жігіт көз алдыңа келеді десек, Ақсу ауданының 80 жыл­дық мерей- тойына орайластырып, әкім­­дік Алматы мен Ақмола о­б­лыс­тары­ның арасында «Сараның сің­лі­лері – Біржанның інілері» атты рес­публикалық ақындар а­й­ты­сын өт­кізу­ді жоспарлап отыр екен. Осы бастамаға рухани қолдау көрсеткен белгілі телеарналарда өзін­дік көзқара­сы­мен, айтар  ой­ла­ры­мен танылып, көрермен көз­айы­мына айналған Нұртілеу Иман­ға­лиұлы бар екенін біліп, әріпте­сі­міз­бен хабарласқан бола­тын­быз. Нұр­­тілеу өз сөзінде ауданның ме­рей­то­йын өткізуге киелі мекеннен түлеп ұш­қан аза­маттардың да қол­дау көр­сетуге дайын екенін әңгі­меледі. Тойдың болғанынан қашанда бо­ла­дысы қызық. Сол қызық шы­нын­да да қызып тұр екен. Соның бірі – ақындар бәсекесі. Жәй ғана емес әйгілі ел аузындағы «Біржан мен Сара» айтысын жаңа дәуір­дегі соны қырынан таныту, дәс­түр­лі қыз бен жігіт арасындағы нәзік сезім ұшқынын маздату деуге болады. Жалпы, айтысқа негізінен Ал­маты мен Ақмола өңірлерінің қыз-жігіттері қатыстырылмақ. Де­­се де, ниет білдірген кез келген өзге аймақтағы айтыскер қыз-жігіт өтініш білдіріп жатса, құп алуға болады, дейді Нұртілеу. Іріктеуден өтіп, айтысқа қатысқан Сара­ның сіңлілері мен Біржанның інілері қазақ өнерінің белгілі тұлғалары Біржан мен Сара атындағы және Ақсу ауданы­ның суырып- салма шайырлары Ілияс Жансүгіровтен бастап, қарт Толғамбай, Қуат Терібаев, Иман­ғали Қалиасқарұлы, Қанипа Бұ­ғы­­баева және тағы басқа ақындар атындағы сыйлықтармен марапат­талатын болады. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.