• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 108

613 рет
көрсетілді

2011 жылғы 9 ақпан, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 514 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» тех­никалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 514 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 28, 267-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: 64-тармақта: бірінші бөлікте: «болуы тиіс», «дайындалуы» және «біріктірілуі тиіс» деген сөздер «болады», «дайындалады» және «біріктіріледі» деген сөздермен ауыстырылсын; «этилденген бензиндерді айдау үшін жинақ резервуарымен, қалған жағдайларда» деген сөздер алынып тасталсын; екінші бөлікте: «жүйелі түрде» деген сөздер алынып тасталсын; «тексеруі тиіс» деген сөздер «тексереді» деген сөзбен ауыстырылсын; 81-тармақтың бірінші бөлігінде: «этилденген,», «тиіс» деген сөздер алынып тасталсын; «орналасуы» деген сөз «орналасады» деген сөзбен ауыстырылсын; 84-тармақ алынып тасталсын; 12 және 13-тараулар алынып тасталсын; «Қолданысқа енгізілу мерзімдері мен талаптары» деген 14-тарау мынадай мазмұндағы 221-1-тармақпен толықтырылсын: «221-1. Осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және мемлекеттік органдардың құзыреттері шегінде қалып­тас­тыры­латын өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен үйлестірілуге жатады.»; 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан  Республикасының  Премьер-Министрі       К.МӘСІМОВ.